» » Құс кәсібі – құр қалдырмайды

Құс кәсібі – құр қалдырмайды

Істің орайын тапса, кәсіп қыламын деген жанға шаруаның түрі көп. Әсіресе қай жерде болмасын құс шаруашылығының өніміне сұраныс жоғары. Себебі бұл кәсіппен шын айналысқан жанға пайдасы шаш-етектен. Қазір аталмыш саламен шұғылданып жүргендердің қатары күн санап артып келеді. Жалпы Сыр өңірінің тамаша табиғаты кез келген құстың өсіп жетілуіне өте қолайлы. Мұнда азық қоры жеткілікті. Тек баққан құсыңыздың бабын таба алсаңыз болғаны. Бүгінде осы кәсіпті қолға алып, оның өсіп-өркендеуіне үлес қосып жүргеннің бірі – Әділет Әбдіқали.

Төрт жылдан бері тауық асырап, оның түрін көбейткен кәсіп иесінің құстың бұл түрін ұстаудың өз машақатымен қатар пайдасы бар екенін айтып бастады. Әдепкі кәсібі тар кепеде төрт-бес тауық ұстаудан басталса, кейін әр тұқымнан жұмыртқа бастырып санын көбейткен.
– Құс асырау әулетімізге таңсық дүние емес. Бұған дейін ағаларым тауықтың түр-түрін өсірген. Ол кезде мен кішкентай баламын. Кейін олар қызметтеріне орай сыртқа кетті. Міне, қазір солардың ізін басып, осы кәсіпті қайта жандандырып жатырмын, – дейді Әділет.
Құс баптаушының қорасына кірсеңіз тауықтың қыт-қытынан құлақ тұнады. Одан бөлек тәштеті салбыраған күрке тауықтары да «мен мындамын» дегендей қыл-қылдап жүр. Қораның бір қабырғасына соққан құс кепенің бір бөлігінде ересектері күтіп бапталса, екінші бөлігінде балапандар өсірілуде. Кейіпкердің кәсібі былтырғыға қарағанда биыл өрісі кеңейген. Көктемгі құрық басқан жұмыртқаларынан ойдағыдай балапан шықса керек. «Қазір кепеде бес үндік болса, балапанынан отыз шақтысы бар. Ал он бес қазақы тауықтан жиырма екі балапан өсіп келеді. Құстың мекенін көбейтуге күш салып жатырмын» дейді ол.
Жоғарыда айтып өткендей құс ұстаудың машақаты жетеді. Үш мезгіл жем-шөбін беріп тұруың керек. Одан бөлек, аптасына бір рет астын тазалап тұрмасаң биттеп кетеді. Әділеттің тауықтарына қарап қызығасың. Құдды зообаққа келгендей күй кешесің. Шетінен ірі әрі етті. Ішінде «брама» тұқымы да бар. Түрі ерекше, аяғына дейін қауырсын басқан. Ал күркенің қоразы ол өз алдына бөлек әңгіме. Барлығына бас-көз болып жүргендей бізге қарап қояды. «Қанаттылардың берер пайдасы көп» дейді құс иесі сөзге шорқақ болса да әңгімесін жалғап:
– Тауық – қай жағынан болсын, пайдалы құс. Еті жұмсақ, жұмыртқа береді, қауырсыны да іске жарамды. Құстардың ішінде бап талғамайды, бағуы жеңіл әрі өсуі тез. Ал үндік кеңшілікті сүйетін құс. Ол қамауда тұрғаннан гөрі кең жайылымды керек етеді. Оның жұмыртқасы көлемді болса, еті де дәмді. Жалпы мендегі құстар бір жылдан артық көп тұрмайды. Көктемде жаңартып отырамын. Аталығын ауыстырып тұқым көбейтемін, – дейді Ә.Бегімұлы.
Заманға сай, үй құстарын төрт түлік сияқты көп асырап, оны саудалау зор кәсіптің біріне айналуда. Құс кәсібі – құр асырап санын көбейтумен пайдалы болмайды, тұқымын түрлендіріп, жақсы күтіп баптағанмен ерекше. Бүгінгі кейіпкеріміз де өз ісінен осыны ұқтырғандай.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
Сурет автордыкі
18 тамыз 2020 ж. 1 938 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 092

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031