» » Отбасылық кәсіп тұрғындар сұранысына ие болып отыр

Отбасылық кәсіп тұрғындар сұранысына ие болып отыр

Сыр өңірі кәсіпкерлік қанатын кеңге жайған. Оған дәлел өңір өткен жылы «Бизнеске қолайлы үздік аймақ» номинациясын жеңіп алды. Қорқыт елінде де бүгінде екі қолға бір күрек ұстап, кәсібін дөңгелеткендер қатары артқан. Аудандағы 3 115 кәсіпкердің 2 687-сі белсенді жұмыс істеп тұр. Солардың бірі – Эльмира Жұбанова.

Ол алғашында «Ауылшаруашылығы» бағдарламасы арқылы 3 млн теңге несие алады. Одан соң кәсібін кеңейту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен 8 млн теңге алып, «Ақниет» жиһаз және құрылыс дүкенін ашады. Мұнда аудан тұрғындары құрылысқа керек материалдың кез келген түрін таңдай алады. Соңғы үлгідегі жиһазға тапсырыс беру мүмкіндігі тағы бар. Бүгінде кәсіпкер 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Одан бөлек «Камазбен» жиһаз таситын жігіттер де қызмет етеді.  
– Құрылыс саласында халыққа қызмет еткенімізге 20 жыл болыпты. Бұл – отбасылық кәсіп. Негізгі бағытымыз – жиһаз жасау. Жиһазға арналған құрал сатып алып, тұрғындар көңілінен шығу үшін жұмыс істеп келеміз. Бұл кәсіп түрі бізге таңсық емес. Отағасы жиһазды өзі қолдан жасайды. Қасында көмекшісі бар, – дейді Эльмира Жұбанова.  
Тұрғындар сұранысына ие болған дүкенге аяңдадық. Саудасы қыза түскен орынды көзбен көріп, ішін араладық. Расымен құрылысқа не керек, бәрі бар. Тұсқағаз, кафель, декор, есік, гипсокардон да осында.
– Жиһаз жасауға қызығушылығым бұрыннан бар. Әдепкіде түрлі жиһазды көріп, жасауға ниеттендім. Қолдан шыққан дүнием тұтынушы көңілінен шықты. Бертін келе кәсіпті кеңейтуді қолға алдық. Бүгінде жиһаз жасайтын арнайы құрал бар, сол  арқылы кәсібіміз де жеңілдеді. Әрине тұрғын үшін құрылыс дүкенінің ашылғаны жақсы жаңалық. Себебі құрылыс заттарын облыстан тасымалдау қиынға соғады. Оны әкелетін көлік керек. Алыстан арбалағанша жақыннан дорбалаған тұрғын ризашылығын білдіріп жатады, – дейді отағасы Бақытбек Дөңбаев.
Кәсіпкермен әңгіме барысында-ақ келушілер қатары көп екенін байқадық. Себебі қазір құрылыстың қызған шағы. Олар нысанды аралап, өзіне керегін алып жатты. Ал кейіпкеріміз Эльмира Жұбанова тұтынушыны жадырай қарсы алып, керегін ұсынып жатыр...
Мемлекет тарапынан қолдауға ие болған кәсіпкер бизнесін алдағы уақытта кеңейтуді көздейді. Ал кәсіп етемін, көсегемді көгертемін деген жанға аудандық кәсіпкерлер палатасының есігі қашан да ашық.

Айнұр ӘЛИ
13 тамыз 2019 ж. 968 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 059

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031