» » ҚАЗ ӨСІРУДІҢ ПАЙДАСЫ МОЛ

ҚАЗ ӨСІРУДІҢ ПАЙДАСЫ МОЛ

Қоқиланған қоңыр қаз, гәккулеген үйрек. Аулаға кіре бергенде-ақ, құлағыңның түбінен дауылпаз соққандай ащы дауыс саңқ етті. «Апырмай, мынау не екен» деген күйі қалдық. Сөйтсек, қаз-үйрек дегеніңнің даусы ащы болады екен. Ертеректе бұл құсты ит орнына қарауылдыққа асыраған деседі. «Мыналар әлі балапан. Ертең өскенде адам қуады» деді Жомарт біздің таңданысымызды байқап.
Жомарт Қалжанов орман шаруа­­шыл­ығы саласында еңбек етеді. Біраздан бері құс асырауға қызығушылық танытқан ол бұл істі екі ай бұрын қолға алыпты. Әзірге басын көбейтіп, кейін пайдаға жұмыс істемек ойы бар. Әзірге бұл іс қалтаға салмақ салып тұр. Қай уақытта да тәбеті жақсы құстың тамағын тауып беру қиын екен. Бірақ, жемейтіні жоқ: үйден шыққан жуынды, қауын-қарбыз, жем, қара күріш, тағы басқаларды тамағынан оп-оңай өткізе салады.
– Өткен жолы шаруашылықтан жүк көлігімен толтырып қауын-қарбыз әкелгенмін. Қазір соны талғажау етіп жатыр. Негізгі қорегі – қара күріш. Енді тек басын көбейту бағытында жұмыс істеудемін. Бо­ла­­шақта бұл тұрғыда алға қойған мақсат көп, – деді Ж.Қалжанов.
Әдепкіде ол қаз-үйректі жай хобби ретінде асырауды ойлапты. Уақыт өте келе құспен түбегейлі айналысып, кәсіп қылуды, оны кеңейтуді мұрат еткен. Қазірдің өзінде 20 қаз, 7 үйрек соңынан еріп, аулада жүр. Қолдан бассейн жасап, дайындаған. Тіпті, ақылды құс екен. Қақпаны ашқаннан қораға қарай иесінің артынан талтаң басып барады. Ал, таңертең жайылымға шығарарда жем жейтін жеріне өздері барады. Кәдімгі жүйемен жүретін сарбаздар сияқты.
– Енді ресейлік қаздарды асырасам деген ойдамын. Мыналарға қарап, тірлігін қызықтап отырамын. Бөтен біреуін әкелсеңіз, кәдімгідей жиналыс. Адамдар сияқты кезегімен таныса бас­тайды мойындарын кө­теріп. Тіпті, ерегесіп төбелесуге дейін барады. Бұлардың да өз жүйесі бар, – деді жомарт.
Болашақта қолға алып нақты кәсіп қылып жатқанда ет бағытында да, жұмыртқа бағытында да асырамақ. Етті құстың пайдасы да жеткілікті болады. Тек тиімді  тетігін тауып, жүйеге келтіріп алса болғаны. Қазір кәсіпкерлікті дамытуға мем­лекеттік деңгейде тұрақты бағ­дар­ламалар жүріп жатқанын, төмен пайыз­бен несие алуға болатынын айт­қанымызда оның да жоспарда тұрғанын жеткізді. Бірақ, нөлден бастағаннан гөрі, кәсіпті кеңейтіп, ауқымын арттырам деп алған әлде­қайда жақсы екенін алға тартты ол.

Түйін.
Балапанының өзі бірнеше тауықтың көлеміне татитын құстың өскендегі көлемі де әжептәуір болатыны анық. Халықтың қолын аузына жеткізуді ойлаған бағдарламалар Жомарт тәрізді мыңдаған жанның кәсібіне қолдау болуда. Алайда, біздің қазақтың тегін ақша көріп, тойға жұмсап жіберетіні бар. Әйтпесе, кәсіпкерлік көкжиегін әлдеқашан кеңейтіп алар едік. Жомарттың бастамасына қарап, бәрекелді дестік.
Дәулет ҚЫРДАН
20 қараша 2018 ж. 3 073 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031