» » "Серпін" сенімімді ақтады

"Серпін" сенімімді ақтады

Мемлекетіміздің болашағы жастардың қолында дейміз. Жалыны шарпыған, жастығы жігерге толы болашақ мемлекеттің тұтқасын ұстаушылар еліне еңбек етіп, білімін қоғам қажетіне жаратқанда ғана туған жерін гүлдендіре алады. Әрине ол үшін тынымсыз ізденіс, талмай еңбектену керек. Білім жинап, мақсат қою керек. Міне сонда ғана біздің мемлекетіміздің келешегі кемел, жолы жарқын болмақ.
Кішкентайынан түрлі жарыс, байқауларға қатысып, адаммен жақсы қарым-қатынас орната білген жастың бірі – Ақбота Бақытбекқызы. Ол Төребай би ауылындағы №199 орта мектептің түлегі. Пәндік олимпиадаларда бақ сынаған бармақтай қыз талай мектебінің мерейін өсірді. Ізденді, ерінбеді, жалықпады. Түбінде армандаған мақсатының бір орындаларына іштей сенді. Сол сенімі оны асыл мұратына жетеледі. Сондай бір шақта оның алдында үлкен жоспар, биік арман тұрды. Кез келген мектеп түлегі үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы – 11 жыл алған білімінің шешуші кезең саналады. Бұл сынақ біздің кейіпкердің де алдынан шықты. Сындары сәттен сүрінбей өткен оның ендігі таңдауы – сонау солтүстіктегі Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіне түсті. Оны таңдауы жайдан-жай емес еді. Себебі, "Серпін" бағдарламасына бұрыннан сенім артып, мемлекеттің берген зор мүмкіншілігін пайдалану ойында жүрген. Елінің патриоты ретінде еңбек ресурстары басым келетін оңтүстік өңірден кадр тапшылығын көріп отырған солтүстік, шығыс аймақтарға неге бармасқа. Онда да қалаған мамандығымен үлгілі шәкірт тәрбиелеп, қатарға қоспасқа. Бұл мақсаттың орындалуына да көп қалмағандай. Өйткені Ақбота жақында өзінің жүрек қалауымен білім алып шыққан жоғары оқу орнын тәмамдап, ұстаздық алғашқы еңбек жолын бастамақ. Ол өзінің ауа райы суық келетін солтүстікте білім алғанына еш өкінбейді. Қайта көптеген дос, таныстар тапқан. Қызылжардың қатал аязы мен жасыл табиғатына үйреніп қалған.
Сүйкімді бойжеткеннің болашақ мамандығы – химия пәнінің мұғалімі. Аталған пәнді мектепте оқып жүргенінде-ақ бар ықыласымен оқыған. Білім жолындағы ұстаздары – бастауыш сыныбында сабақ берген Рая Әлиева мен химия пәнінің мұғалімі Гүлнұр Есқалиева апайларының ол үшін шоқтығы жоғары. Сондай-ақ әркез жанына табылып, болашағына бағыт берген мектеп директоры Света Жақсылыққызының да еңбегі ерекше.
– Бастапқыда басқа облыс, бөтен жер, бұған дейін атізін салмаған елге оқуға баруға жүрексінгенім рас. Дегенмен, шешім қабылдарымда ата-анам, жақындарым қолдау көрсетті. Солтүстік өңірде білім алғаныма еш өкінбеймін. Мемлекеттік "Серпін" бағдарламасы – мені тегін грантпен, шәкіртақымен қамтамасыз етті. Мұнда білім алу – өте шынайы, сол жағынан ризамын. Мектепте білім берген ұстаздарыммен қоса, университеттегі білік, білімді ғалым-оқытушы аға-әпкелеріме және маған 4 жыл бойы ықылас қойып, химия саласының сырына қанықтырған жетекшім – кафедра доценті Бақыт Есекеноваға алғысым шексіз, – дейді ол.
Ескере кетерлігі, болашақ ұстаздың химия пәнін таңдауында да мән бар.
– Қазір жастар химияны көбіне таңдай бермейді. Бұл мамандық бойынша мамандар Қазақстанда тым сирек. Осы салада жетістікке жеткім келеді. Келешекте ұстаздық жолымды шыңдап, магистр дәрежесін алсам ба деймін. Оқушыларыма сапалы тәрбие мен білім берсем арманым жоқ. Басты жаңалығым – бағдарламаның аясында жұмысқа орналастым. Алла қаласа, жаңа оқу жылында Солтүстік Қазақстан облысының Щал ақын ауданындағы орта мектептің бірінде еңбек жолымды бастамақшымын. "Серпін" – керемет жоба. Жаңадан таныстар таптым, достарым көбейді. Мұнда орыс тілін де үйренуге болады. Табиғаты да жасыл жамылған. Сөз соңында жас түлектерге айтарым – жері алыс демесеңіз, солтүстік те қазақтың бір қаймақты өлкесі, өзіміздің ағайындарымыз. Мемлекет берген жақсылықты пайдаланыңыздар. Халқымыздың өсіп-өркендеуіне өз үлестеріңізді қосыңыздар демекпін, – дейді жуырда Шал ақын ауданына жолға шыққалы отырған Ақбота сіңіліміз.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК
31 шілде 2020 ж. 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 066

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031