» » БІЛІМ МӘРЕСІ: ҰБТ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

БІЛІМ МӘРЕСІ: ҰБТ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Тағы бір оқу жылы аяқталып, өз мәресіне жетті. 11 жылғы білімді сарапқа салу – оқушымен қатар, ұстаздар мен ата-аналарды да толқытары анық. Дөңгелектегі тағдыр биыл да түлектердің тағдырын шешіп, үлкен өмірге қанат қақтырды.
Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы еліміздің білім беру жүйесіне 2004 жылдан бастап енгізіліп келеді. Одан бері де тестілеу сынағына бірқатар өзгеріс енген. Жалпы, Ұлттық тестілеу орталығы мемлекеттік тапсырыс төңірегінде тест тапсырмаларын жыл сайын 35 пайызға дейін жаңартып отырады. Ал, биыл ҰБТ сұрақтары 50 пайызға жаңартылды. Былтыр 80 мың сұрақ өзгертілсе, үстіміздегі жылы 120 мың сұрақ қайта жаңарудан өткен.
Оның 11 пайызы функционалдық сауаттылықты анықтауға арналса, 37 пайызы тест тапсырмаларының жауабы бір немесе одан да көп нұсқамен белгіленген. Бұл сұрақтар оқушының ой-зерде қабілетіне, сондай-ақ таңдау пәнін жан-жақты түсінуге септігін тигізбек. Әлемдік стандартқа сай әзірленген. Бұл жайында баспасөз жиынында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов хабарлаған болатын.
Айта кетерлігі, тестілеу басталғалы 14 жыл ішінде оған ешқашан 100 пайыз оқушы қатыспаған. Шамамен алғанда 70 пайызға жуық қана түлек қамтылады екен. Қалған 30 пайызы қатыспайды. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қоғадық пікірді білу мақсатында сауалнама жүргізген болатын. 10 мыңға жуық мұғалім, ата-ана, бітіруші қатысқан ауқымды сауалнамада ҰБТ-ға қатысты мәселелер айтылған. Сонда байқалғаны, көпшілік ҰБТ-ны жоғары оқу орнына түсу үшін ғана керектігі анықталған. Осы бағытта жұмыс істеген министрлік: ҰБТ-ны 2 кезеңге бөліп: қорытынды аттестаттау – мектепті бітіру емтиханы, ал ҰБТ – ЖОО-на түсу емтиханы ретінде өткізуге шешім қабылдады. Өзгеріске келсек, бұрын тест сұрақтары облыстық білім басқармасында дайындалса, енді оны Ұлттық тестілеу орталығы жүргізетін болады. Бұған қоса, «Алтын белгі» беруді мектеп өзі жүзеге асырады. Оны растау қажет етілмейді.
Осы уақытқа дейін ҰБТ-ге 1 млн. 500 мыңнан астам оқушы қамтылса, бұл орта есеппен тестілеу сынағына қатысқан түлектердің 75 пайызын құрайды.
Өткен оқу жылында еліміз бойынша 93 мың түлек тестілеуге қатысуға тілек білдірсе, оның 12-сі ереже бұзғаны үшін шеттетілген. Ең жоғары балл 140 болып белгіленсе, облыстан 2 оқушы 136 баллға білімін дәлелдеді. Оның бірі –  №250 мектеп-лицейдің бітіруші түлегі Дәурен Отарбай болатын.
Еліміздің болашағы – жастардың қолында. Қазір білектінің емес, мыңды жығатын білімдінің заманы. Білімді ұрпақ қана болашақты жасай алады. Олай болса, алтын ұя мектептен түлеп ұшқан мыңдаған түлектер тәуелсіз еліміздің тұғырын биік етеріне сенім мол.
Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы».                
26 маусым 2018 ж. 1 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 079

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031