» » Адам болып қалу – көп қиын

Адам болып қалу – көп қиын


ЖОСАЛЫ, 13 маусым – qarmaqshy-tany.kz
 ЫСТЫҚТЫ ШІЛІҢГІР ШІЛДЕДЕ КЕЛЕДІ ДЕУШІ ЕДІК. ЖАЗ БАСТАЛМАЙ АЛҚЫНДЫРҒАН АПТАПТА АҚЖАРДАН БІР­АҚ ШЫҚТЫҚ. АУЫЛҒА АСЫҚТЫРҒАН НЕНДЕЙ ҚҰДІРЕТ ДЕЙСІЗ ҒОЙ. БІЗ КЕЙДЕ КӨЗГЕ ІЛМЕЙТІН, БІЛЕ БЕРМЕЙТІН, АНЫҚ БАС, АДАЛ ЖҮР ДЕЙТІН ЕРЕКШЕ ЖАНДАР ОСЫНДА МЕКЕНДЕЙДІ. АҚКӨҢІЛ АҒАЛАРМЕН ДИДАРЛАСЫП, САЯЛЫ ТАЛДЫҢ КӨЛЕҢКЕСІНДЕ ОТЫРЫП АРҚА­ЖАРҚА АЙТЫЛҒАН АУЫЛ ЖАЙЛЫ, АУЫЛДАҒЫ ЕҢБЕКҚОР ҚАУЫМ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ ҚАЛАМ ҰСТАМАСЫҢА ҚОЙМАЙДЫ. БАЙҚАСАҢЫЗ «ЕҢБЕК АДАМЫ» ДЕП АЙДАР ТАҚҚАН МАҚАЛАМЫЗДЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІ ОСЫНДАЙ ҚАРАПАЙЫМ ҚАЛПЫН САҚТАҒАН ҚАЗАҚЫ АУЫЛДЫҢ ҚАЙМАҚТАРЫ.

Бір кездері тоқырауға ұшырап, берекесі қашқан бұл өлкеде бірер жылдан бері байыпты бастама бар. Ауылдың азаматтарының дені отбасын асырау қамымен сырттан жұмыс іздеп кеткен-ді. Енді олардың бәрін шаруашылықтан табасыз. 100-ден аса тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтыған «Ораз ахун ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін атына заты сай Жомарт Жалғасбаев есімді азамат басқарады. Мұндағы шөп бригадирі Әбжан Медетов пен бас инженер Сәдуақас Өмірқұловтың еңбегі өзгеге үлгі. Әбжан Арықбайұлы 1977 жылдан шаруашылықта. Жұмысшылықтан бастап, есепші бригадир, қырман таразышысы, кейін қоймада жұмыс істеген. Қазір №4 бригадада қарамағындағы 7 адамға жетекшілік етеді. Жоңышқа егіп, ору, ауыл тұрғындарын жем-шөппен қамту жөніндегі міндеттер осы азаматқа жүктелген.

– Жоңышқаның алды пісіп, оны оратын техникамыз сақадай сай тұр. 40 жылдан аса тәжірибеміз бар. Ауылшаруашылығының қай саласы да бізге таңсық емес. Жасымыз бен жолымыз үлкен болған соң жастар кеңес сұрайды, ақылдасады. Білгенімізді айтып, еңбекке баулудан шаршамақ емеспіз. Ес белгілі қызмет қуып, атақ пен даңққа құмартпадық. Ата-анамыздың тәлімді тәрбиесі әлі жадымызда. Ала жіпті аттамай, адал нан тапсақ деген ниетіміз осы күнге, абыройға жеткізді. 5 баланың әкесімін. Немерелерім бар. Зайыбым ауыл мектебінде мұғалім болды. Өзіміз секілді ұрпағымыз да ауылды көркейтуге атсалысса, – деп ағынан жарылды Әбжан аға.

Ал, Сәдуақас Әбілдаұлы техника тілін үнсіз ұғады. 1980 жылдан бері жұмысшы, трактор тізгінін ұстаған ағамызға 3 жылдан бері шаруашылықтың бар темір тұлпары сеніп тапсырылған. 4 жаңа «БТЗ» трактор, 3 дана «К-700», «Белорусь» тракторы, «John Deere» комбайны, жаткасы, бәрі-бәрінің еш ақаусыз жүріп-тұруы, жанармаймен қамтылуын қадағалайды. Сонымен қатар ағайынның арқасүйері, бір отбасының тірегі, 6 баланың әкесі.

– Өткен жылы күріштің әр гектарынан 60 центнерден өнім алсақ, биылғы жоспар одан көп. Мұның бәрі білікті басшымыздың арқасы. Қазір жалақымыз ай сайын, белгіленген күнде қолымызға тиеді. Техниканың бәрі жаңарды. Бұрын адам жетіспеген соң ауылда бос жүрген жандардың бәрін жаппай жұмысқа қабылдауға мәжбүр болсақ, қазір қатарымыз көбейгені соншалық, маман таңдайтын дәрежеге жеттік. Жер игерілмей талай жыл бос жатты. Тың жердің есебінен оған да егін ектік. Жақсы маман болуы мүмкін. Бірақ бірінші жақсы адам болу маңызды. Менің өмірлік ұстанымым осы, – дейді ісі де, сөзі де ширақ Сәдуақас аға.

Иә, шаруашылық кеңсесіне бас сұқсаң құдды қалалық мекемеге кіргендейсің. Айнала гүлмен көмкерілген. Көшені бір шолып, қай үйді алып қарасаң да күрделі жөндеу жүргізуге кіріскен. Бірі – шатырын жаңаласа, бірі – ауласын қоршауда. Расымен ауызбірлік пен едәуір алға жылжу байқалады. Кеше ғана жаңа әкім орнына жайғасты. Енді жағымды жаңалық тіпті көбейе түсетіндей көрінді бізге. Кейіпкеріміз айтқандай, мамандығыңның майталманы болу – бір ғанибет. Алайда, адам боп қалу – көп қиын.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
13 маусым 2020 ж. 1 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031