» » БІРЛЕСЕ ЕҢБЕК ЕТКЕННІҢ БЕРЕКЕСІ МОЛ

БІРЛЕСЕ ЕҢБЕК ЕТКЕННІҢ БЕРЕКЕСІ МОЛ

Ауыл – нағыз шаруаның мекені. Егін егу мен шаруа жүргізуге өте қолайлы. Ерте көктемнен егіс алқабына асыққан диқан жаз бойы тынбай еңбек етеді. Бүгінгі әңгімеміз дала қосын дүбірге толтырып жүрген Ақжар ауылындағы «Ораз-ахун LTD» ЖШС-не арналады.
Мекемеге Жомарт Жалғасов басшылық етеді. Ең әуелгі сө­зін «Елге, халыққа пайда әке­летін кез келген іске қолдау біл­діремін» деп бастауы көпке үлгі боларлықтай. 
Бүгінде серіктестікте 100-ге тарта адам жұмыс істейді. Таңның атысы, кештің батысына дейін күрегі мен кетпенін қолына алған шаруалар бұл күні егін алқабында қызу еңбекке кіріскен. Жерді тегістеу, күріштің күтімі, жоңышқа ору сынды іспен айналысуда.  
– 2018 жылы 1000 гектарға күріш егіліп, жалпы 54,955 цен­т­нер Сыр салысы қамбаға құйылды. 71 гектар жерге жаңа жоңышқа егіліп, 337 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды. Ал биылға күріш 1050, ал  жаңа жо­ңышқа 125 гектарға егілді.  30 гектарға арпа, 125 гектарға мақсары, ескі жоңышқа 408 гек­тарға егілді, – дейді серіктестік басшысы.
Шаруашылықтағы өз ісін шебер меңгергеннің бірі – бригадирҚұттыбай Омаров. Оның сөзінше, 1055 гектарға күріш егілген. Өзіне қарасты егінжайда жұмыстың жүйелі жүріп жатқанын айтады.
– Шаруалар егін алқабында жер жыртып, тегістейді. Дән жерге түсіп оның жемісін алғанша тынбай еңбек етеді. Арамшөбі бар, қала берді зиянкестерді улау. Дей тұра олар бұл іске әбден шыныққан.Күннің аптап ыстығына қарамастан еңбектеніп жүр. «Еңбектің наны тәтті» дегендей, мол өнім алу мақсатымыз.    Су тапшылығын ауыл ішінде су айналдыру арқылы шешудеміз. Күріштің «Янтарь», «Лидер» тү­рін ектік. Жоғары жетістікке же­теміз деген үміт бар, – дейді бригадир.
Қай жұмыс  болмасын үйіріп әкететін, ісіне мығым азаматтар қатарында агроном Азат Нарымбетов, Ермұрат Мәдиев, Нұрбол Қойбағаров  сынды механизаторды атап айтуға болады.
Мұнан бөлек, серіктестік айналымнан шығып қалған жерді пайдалануға қайта дайындау үс­тінде. Мәселен биыл оның 70 гектары пайдалануға беріледі.
– Көп жылдан бері қараусыз қалған жерді игеруді қолға алдық. Бұл жерді шеңгел, отақ басып кеткен еді. Өткен жылы 340 гектары тегістеп, пайдалануға берілді. Каналдар қайта қазылып, жармалар тазаланды, – дейді Жомарт Жақсылықұлы.
ТҮЙІН 
Қауымдаса, бірлесе тірлік жасау – нарық талабы. Осы орайда ауылдың үлкен-кішісінің басын құраған серіктестік жұмысына көңіл тоярлықтай. «Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» демекші, маңдай термен адал еңбек еткенге не жетсін?

Ақнұр САҒЫНТАЙ
29 шілде 2019 ж. 1 232 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031