» » Жігері бар бойында...

Жігері бар бойында...

Үлкендер жастың талабы мен тындырымды ісіне сүйсінгенде «болатын бала екен» деп болжам жасап, зор үміт күтетіні бар. Нұрбол да көрген көзге келешегінен мол үміт күттіретін жастың бірі. Өйткені ауыл баласының бойынан нағыз ер заматқа тән болмыс, жасқа лайық жігір аңғарылады. Отанға, еңбекке деген ықыласы айрықша мұндай азаматтардың алмайтын қамалы, шықпайтын белесі болмас.
Еңбекке икемді жастардың ауылда көп екенін көргенде рухың көтеріліп, еңсең тіктеледі. «Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылғалы күріш егіп келе жатқан Нұрбол Сахиевтің облыстық «Алтын дән – 2019» салтанатында «Озат сушы» атанғанын естігенде мақтаныштан жүрек толқыды.
25-ке толмаған жас жігіттің еңбек озаттарының қатарында тұрып, облыс әкімі қолынан марапат алуы – кімді қанаттандырмасын. Биыл өзіне бекітілген 50 гектар жердің әр гектарынан 99 центнерден өнім алған күрішшінің көрсеткіші аймаққа үлгі болатын.
– Отбасында 5 баламыз. Әкем шаруашылықта күріш екті. Кішкентайымыздан еңбекке баулыды. Ата-анам жалған сөйлемеуге, ала жіпті аттамауға үйретті. Еңбекпен тапқан нанның тәтті болатынын еске салады. «Үлкеннің тілін алғаннан алғыс аласың. Үйренуден жалықпа. Жұмыс істегеннің жаманы болмайтынын жиі айтып отырады. Мектеп бітіргеннен соң Қызылорда қаласынан арнаулы орта білім алдым. Мамандығым – автослесарь. Ауылда еңбек майталманы Басқынбай Қайырқұловты үлгі тұтамын, – дейді озат сушы.
Расымен ауыл тұрғындары Нұрболды Басқынбай ағасына ұқсатады. Ол 40 жылдан аса күріш егіп, зейнеттік демалысқа шыққан ардагер. Шаруашылық басшысы Нұрлан Іздібаев оның еңбегін ескеріп, зейнетке шығарда автокөлік сыйлаған.
Нұрбол Наурыз Сүйеубаев жетекшілік ететін №3 бригадасының күрішшісі. Биыл 500 гектар жерге күріш екен бригадада Әділ Есенов бастаған Мақсат Шахиев, Бақытжан Райсов, Берік Әбдіраманов, Жомарт Жаханбаев, Ғалым Елдесбаев сынды сушылар 70 центнерден жоғары өнім жинады.
– Нұрбол нағыз маман. Жұмысты барын салып істейді. Ағаларының ақылына сүйенеді. Тілалғыш. Елгезек. Ұжымда оны жақсы көрмейтін кем. Жастар осындай болса, – дейді күрішшіге көңілі толатын бригадир Наурыз Рахатұлы.
Сонымен қатар биыл шаруашылықта №1 бригаданың күрішшісі Сексенбай Ақболатов «Ыбырай Жақаев» атындағы төсбелгіні иеленді. Еңбекпен есейген ағамыз көптеген жасты салаға баулыды.
– Төккен тердің жемісін сезінгенде шаршағаныңды, қиын кездерді ұмытып кетесің. Өкшемізді еңбекқор жастардың басып келе жатқаны қуантады. Жолымызды жалғар ізбасарымыздың көптігі марқайтады, – дейді еңбек адамы С.Ақболатов.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
21 қазан 2019 ж. 1 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031