» » Озат картоп өсіруші

Озат картоп өсіруші

Ас атасы наннан кейін орын алатын картоп – әлемдегі ең қадірлі өнім. Әрбір ауқатты картопсыз елестету әсте қиын. Алайда күріш –өсіруден алда аймағымыз картоп өсіруден кенжелеу. Содан болар аталған өнімді егіп, арнайы кәсіп еткендер сирек. Егін науқанының қорытындысын жариялайтын аудандық «Алтын дән» салтанатында «Озат картоп өсіруші» аталымы кімге бұйырар екен деп күттік. 1 гектардай жерге бақша егіп, әр гектарынан 175 центнерден өнім алған Т.Көмекбаев ауылының тұрғыны Тұрсынбек Қаратаев дара шығып, аталған марапатқа ие болды. Ол бала кезден бақша баптап, соңғы 4-5 жыл бедерінде картоп егуді мықтап қолға алған. Ауылдағы шаруа жаз бойғы мехнаттың жемісін осы берекелі күзде көруде.
– Ауылда тұрып бақша екпеу ақылға сыйымсыз. Кішкентайдан еңбекке араластық. Қаратай Қуаңбаев Қуаңдария қой кеңшарының қазығын қаққан, келешегін көксеген, ертеңін ойлаған елжанды азамат еді. Әке атына кір келтірмеуге тырысып жүріп тынбадық. Еңбектенсең ешкімге алақан жаймайсың. Жер тырналасаң, қолыңды құр қайтармай несібеңді үйіп төгеді. Қауын мен қарбыз, қызынақ пен қияр, картоп пен сәбіз бәрі де маңдай термен келген соң таңдайға тәтті боп тиеді, – дейді шаруа.
Биыл қауынның шығымы жақсы болған. Жерден ырзық терген отбасы ала жаздай жинаған өнімді күнкөріс етеді. Ауылдағы ауруханада 35 жыл медбике болып, зейнетке шыққан анасы Күлпаршын Қуаңбаева піскен тәтті қауыннан қауынқақ пен қауыншек, қауынқұрт жасап сұраныс көп түсетін Байқоңырға жөнелткен. Жары Айгүл Ұзақбаева аспазшы. Көкөністен дәмді ас әзірлеудің шебері. Мерзімінде мол қылып тосап қайнатып, салат басады. Қияр, қызанақ тұздауға да тапсырыс жиі түседі.
Бақша дақылын қыркүйекте, картопты қазанның соңына таман жинаған. Қаптап алған картобын алыс-жақын ағайынға үлестеріп, ішім-жемнен артылғанын сатуға шығарады. Су тапшылығы болмаса картоп өсіруді кәсіп етуге қауқарлы. Көлемін де, сортын да көбейтуге мүмкіндігі бар. Мемлекеттік бағдарламамен жеңілдік алып жұмыс істесе ұтылмайды. Себебі табиғи өнім қашан да сұранысқа ие.
Бақша баптау оңай шаруа емес. Оның ыстығына күйіп, суығына төзген адам ғана ырыздығына бөленеді. Егу өз алдына, мол өнім алудың сырын білу – тәжірибе қажет етеді. Тұрсынбектің еңбекқорлығы мұнымен шектелмейді. Ұсталық қабілеті бар. Қаңылтырдан шелек, қалақ, керней, тұрмысқа қажеттінің бірқатарын жасайды. Уақытында мектеп мұғалімдеріне көрнекілік үшін әсемдеп жазу, сурет салу, безендіру жұмыстарын істеген.
– Бала үшін өмір сүреміз. Соларды қатарынан кем қылмай өсірсек деп тырасамыз. Айым, Нұрлы есімді егіз қызым бар. Соңғы уақытта солар сәл науқастанып Алматы қаласына емге жиі барып жүрміз. Дәрі-дәрмекке тиын болсын деп қолдан келгенін жасаудамыз. «Озат картоп өсіруші» атанамын деген ой жоқ еді. Марапат осындай қиналған тұста демегендей. Еңбегімнің еленгеніне қанаттандым, – дейді аудан әкімінің қолынан алғыс хат пен бағалы сыйлық алған бағбан.

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
05 қараша 2019 ж. 1 025 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031