» » Еселі еңбек көсегені көгертті

Еселі еңбек көсегені көгертті

Облыстың тыныс-тіршілігі ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты. Ал Қармақшы – аграрлы өлке. Әр жылы қамбаға астық толып, оң нәтижеге қол жет­кізіп келеміз. Ауылдағы ағайынның да нәпақа жиғаны осы саладан. Алайда өрістің кеңеюі алға ілгерілеуді қажет етеді. Диқаншылар да бос жатқан жоқ. Күрегін алып қырманның басында тер төгіп жүр. Мұны біз ауылда ер азаматты кездестірмегенімізден аңғардық.
Іс-сапармен Дүр Оңғар ауылына аяңдадық. Бой көтерген нысандар, үйлер, тұрғызылған ескерткіштер барлығы да ауылдың әсем келбетіне айналған. Өзіндік тарихын сараласаң татулықтың иісі аңқиды. Ол күнді ауыл тұрғындары күрсініп еске алады. Себебі сол жылдары ауыл ру-руға бөлініп, жіктелуге сәл-ақ қалған. Алайда елім деп еміренген азаматтардың арқасында бұл жүйе іске аспапты. Сол кезеңде ыдырағалы тұрған тұрғындардың басы бірігіп, татулықты ту етеді. Қазір сол бірліктің арқасында кең алқаптан нәпақа тауып, ауылдың өрістеуіне үлесін қосып жүр. Жемісін бірге көруде.
– Былтыр "Жаңажол" шаруашы­лы­ғының диқан-механизаторлары өзі­не бекітілген күріштік алқаптан мол өнім алды. Облыс бойынша "Үздік егін шаруашылығы" номинациясын иеленіп, ауылдың, ауданның мерейін тасытты. Сондай-ақ ауыл шаруашылығының басқа да дақылдарын өндіруде, мал азығын молынан жинауда аянбай еңбек етіп келеді. Одан бөлек округте шағын кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасы нəтижелі істермен айшықталуда. Ауыл тұрғындары арасында мемлекеттік бағдарламалар арқылы көк­өніс өндіру, мал шаруашылығын өркендету, тұрмыстық қызмет көрсету секілді бағытта тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде, – дейді ауыл әкімі Әбимүслім Қоқанов.
«Жақсыға жақын көп». Ауылдың дамуына пайдасын тигізіп жүрген жандардың жанынан қашан да адам арылған емес. Сон­­дай игі істерден кенже қалмаған ауыл азаматтарының жақсылыққа жаны құмар. Биыл да мұқтаж екі отбасына баспана тұр­ғызбақ.
– Ауыл тұрғындарының əлеуетін арт­тыру мақсатында көптеген іргелі іс­тер атқарылуда. Шаруашылық бойынша өндірілетін күріш пен ауыл шаруа­шылығының басқа да дақылы, мал азығы нарық бағасынан қол жетімді. Сондай-ақ, серіктестік ауылдағы барлық қоғамдық шаралар мен жеке тұрғындарға барынша қолдау көсетуде, – деді «Жаңажол» ЖШС бас агрономы Төлеу Ералиев.
Сондай-ақ, биыл шаруашылық 20 гектар жерге соя дақылын өсіруді қолға алған. 
– Биыл сояның «Жансая» сорты өсіріледі. Күріштің «Лидер», «Янтарь» сорттары 3200 гектарға егілді. Бидай – 100 гектар. Еңбектің қызған сәтінде 350-400 адам жұмыс істейді. Барлығы да осы ауылдың тұрғындары. Еңбегінің жемісін бірге көреді. Жыл сайын 11 адам Жаңақорған шипажайына жолдама алады. Сонымен қатар түрлі қайырымдылық қорына да білек сыбана араласады. Былтыр Қытайдан шыққан 56 миллиондық күріш ақтайтын зауыт алдық. Ол 40 тоннаға дейін ақтайды. Ақталған соң күріш фирмалық қаппен қапталып, елдің түкпір-түкпіріне аттандырылады. Қазіргі таңда шаруашылық Иіркөл ауылындағы «Жаңатұрмыс» шаруа қожалығына инвес­тор болып отыр, – дейді сала маманы.
Көлік тізгінін Иіркөлге бұрды. Ауылға кіре берісте, қырманның басынан қарайып диқаншылар көрінді. Аптығын басқан соң әңгімеге тартуды жөн көрдік. Айтуларынша, бұрын бұл жер әскери совхоз болған деседі. Ауылдағы бақшасын да, қорадағы малын да сарбаздар бағыпты-мыс. Кейін әскерилер кеткен соң тұрғындар өз-өзін тіктей бастапты. Әңгімесін әріден бастаған шаруа қожалықтың басшысы Ардақ Мырзахметов осылайша ағынан жарылды.
– Биыл осы «Жаңатұрмыс» шаруа қожалығын құрдық. Мұны құру оңайға соқпады. Ең алдымен 50 отбасының жер үлесін алдық. Қаражат та, қажетті техникамыз да болмады. Содан не керек, көршілес жердегі «Жаңажол» ЖШС-ның басшысы Орынбасар Төлеповпен 5 жылға келісімшартқа отырдым. Ол манағы 50 отбасына үш ай сайын күрішін, малына азығын, мерекелік датада көмек көрсетуді қолға алды. Техникамен, қаражатпен қол ұшын созып, тәй-тәй басуға демеді. Әупірімдеп бас көтердік. 250 гектарға күріш, 10 гектарға бақша дақылдарын егуді жоспарладық. Қазір осы гектардың барлығы орындалып, суға күрішті бастырып қойдық. Енді бақшалы жерді әзірлеу үстіндеміз, – дейді ол.
Ұзақ жолға төзімді, ыстыққа шыдамды қауын сортын егуді жоспарға алған қожалықтың басшысы жастар саясатымен, кәсіпкерлігімен айналысатын жас маман болып шықты. Алға қойған мақсаты да биік. «Жаңажол» ЖШС-на деген разылығы да ерекше. Бір қызығы біршама уақыттан бері паспорты болмаған ауылдың паспорт алуына да демеу болған шаруа қожалықты ағы да айта кеткен жөн болар.
Түйін.
Биыл ауылшаруашылығы саласында аудан бойынша  барлығы 22 078 гектар егіс орналастырылады. Оның ішінде           күріш – 14 000 га,  бидай – 380 га, мақ­сары – 302 га, соя – 40 га,  жоңышқа – 6744 га, картоп – 383 га, көкөніс – 323 га, бақша өнімдері – 481 га егіледі.  Бүгінде аудан шаруашылығы бойынша 2271 га жаңа жоңышқа, 302 га мақсары, 536 га жаздық бидай, 125 га жаздық арпа дақылдары оңтайлы мерзімде  орналастырылды. 4553 га ескі жоңышқа тырмаланды.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
17 мамыр 2019 ж. 1 502 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031