» » АУЫЛЫНА ҚАРАП АЗАМАТЫН ТАНЫ

АУЫЛЫНА ҚАРАП АЗАМАТЫН ТАНЫ


    Нақты кезеңде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аймағымызда қарқынды жүргізілуде. Дана жұртымызда «Ауылына қарап азаматын таны» деген тамаша сөз бар. Ауылдан шыққан азаматтардың туған жерін түлетуге қосқан үлесі туралы да қазір жиі айтылып жүр.    Қармақшы ауданындағы жүз шайыр шыққан Тұрмағамбет ауылының мектеп түлектері де алтын бесгін көркейтуге әр жылдары өз үлестерін қосып келеді. Береке-бірліктің қаймағы бұзылмаған, татулық пен тұрақтылықтың бесігіне айналған бұл ауылды елін сүйер ел жанашырларының мекені десек қателеспейміз.
    Міне, тағы бір игі істің куәсі болып, қуанып қалдық. Туған жерін ардақ тұтқан ауыл азаматтары, яғни №29 Т.Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебін осыдан 10 жыл бұрын бітірген 1991 жылғы түлектер ауыл орталығына балалардың ойын алаңын салып, ел игілігіне берді. Бұл ауыл тұрғындарын зор қуанышқа бөледі. Енді ауыл балалары бос уақыттарын ойын алаңында өткізетін болады.  
    Кеше ғана мектеп бітірген түлектердің бүгінде азамат болып, әрқайсысы өмірден өз орнын тауып, елге деген сүйіспеншілікпен жұмылған жұдырықтай бірігіп, халыққа қызмет етуі – үлкен азаматтықтың дәлелі болды. «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дегендей, асыр салған балалардың қуанышы 10 жылдық түлектерге деген алғыс сезім деп білеміз.
    Сонымен бірге мектеп бітіргеніне 20 жыл толған 1981 жылғы түлектер де мектепке Рәміздер топтамасын жасатып, орналастырып берді. Мектебіне, туған ауылға деген түлектердің бұл жанашырлығы оларды халықтың зор ықыласына бөледі.
    
Жасұлан МҰХАНБЕТҚАЛИЕВ,
    «Нұр Отан» партиясы
    Қармақшы аудандық филиалының сарапшысы




14 мамыр 2018 ж. 2 563 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 351
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 126

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930