Жағымды жаңалықтар мен алдағы уақытқа айқындалған жоспарларды саралады
Елімізде Кеңес Одағы Үкіметі билік еткен жылдары Қармақшы ауылы Сыр бойы елінде мал шаруашылығын өркендету мақсатында айрықша рөл атқарған өңірдің бірі болды. Өңірде сол жылдары 50 мыңға дейін қой өсірілді. Түйе мен жылқы, мүйізді ірі қараны да дамытты.
Міне, сондай атпал ағалар істеген игі істі бүгінгі ұрпақ өкілдері жалғастыруда. Жылдан жылға көркейіп-гүлденіп келе жатқан округте ауыл əкімі Əлімбай Білжановтың айтуынша өткен жылы бірнеше көше жарықтандырылса, ауыл тұрғындары арасында шағын кəсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыспен қамтуда бірнеше жоба іске асырылды. Ауыл кəсіпкерлері тұрғындарға азық-түлік, құрылыс жəне басқа да тұрмыстық қызмет түрін көрсетуде. Міне, осындай іргелі істермен ерекшеленген ауылдың тыныс-тіршілігіне ризашылық білдірген аудан басшысы тұрғындардың еткен еселі еңбегін үлгі ретінде айта келе, өңір тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін нығайтуға мақсатталған ілкімді істерге тоқталды. Жағымды жаңалықтар мен алдағы уақытқа айқындалған жоспарларды саралады.
Содан кейін, ауыл тұрғындары тарапынан сауалдарға жауап берді.
Қармақшы ауылында өткен алқалы жиынға ҚР Президенті Əкімшілігінің инспекторы Нұрлан Тілешов, облыс əкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Шотаев, облыстық мəслихат депутаты Райкүл Байназарова жəне аудандық мəслихат хатшысы Марат Наятұлы қатысты.