» » Экономикасы нығайып, халқының əлеуеті артқан ауыл

Экономикасы нығайып, халқының əлеуеті артқан ауыл

Ақтөбе ауылы соңғы жылдары аймағымызда экономикасы нығайып, халқының əлеуеті артқан ауылдық округтердің бірі. Осы жылдар аралығында білікті сала маманы Нұрлан Іздібаев басқаратын "Ақтөбе и К" шаруашылығы аймақта күріш өндіруші ірі шаруашылықтар қатарынан нықтап орын алды. Серіктестік күріш өндіруде аймақтағы көшбасшы шаруашылықтың бірі. Шаруашылық мал азығын дайындауда да, сонымен бірге трактор-машина паркін жаңартуда да ілкімді ісімен үлгі көрсетуде. Тағы бір айта кетерлік жайт, шаруашылық биыл құс фабрикасын пайдалануға беруге жұмыс істеуде. Серіктестік ағымдағы жылы да жылдағыдай күріштің ирандық "Тором хошими" сортын өндіруді ұлғайтып, өнімін шет елге сатуға жоспарлауда. Сондай-ақ, ауылдың өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келе жатқан "Оңталап" шаруа қожалығының игі ісін атап өту керек. Шаруашылық өткен жылы күріш жəне басқа да ауылшаруашылық дақылын өндіруде, мал азығын дайындауда жəне басқа да өнегелі істерге атсалысып келеді. Сонымен бірге, мал шаруашылығын өркендетуде, шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуда ауыл кəсіпкерлері нəтижелі жұмыс істеуде.
Міне, осындай игі істерімен айшықталған ауылдық округте аудан əкімі Сұлтан Ысқақұлының округ тұрғындарымен өткізген есепті кездесуінде ауыл əкімі Орынбек Мұнарбаев жыл бойы округ бойынша жүзеге асырылған шаруаларды сараптап, алдағы уақытқа мақсатталған жоспар жайынан мəлімет берген соң, аудан басшысы С.Мақашов өңірдің əлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішіне тоқталды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы өңір бойынша атқарылатын жұмыстармен, оның ішінде аудан орталығына көгілдір отын кіргізілетінін, осы жұмыстар аясында бірнеше білім беру жəне əлеуметтік мекемелерді табиғи газға қосылатынын, елді мекендердегі спорт алаңдары, электр желілерге күрделі жөндеу жұмысы істелетінін, КРЭК мекемесіне жаңғырту жұмысы жүргізілетінін айтты. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Əкім өз сөзінде ауданда кəсіпкерлік саласын дамыту арқылы жұмысыздықты азайтуға мақсатталған жұмыс жайын тілге тиек етті.
Есепті кездесуде аудан əкімі бір топ ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сауалдарына жауап берді.
Н.Жанәділов
17 қаңтар 2019 ж. 1 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 193

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930