Ауыл серігі болған "серіктестік"
Өткен жылы Орынбасар Төлепов басшылық жасайтын "Жаңажол" шаруашылығының диқан-механизаторлары өзіне бекітілген күріштік алқаптан мол өнім алып, облыс бойынша "Үздік егін шаруашылығы" номинациясын иеленіп, аудан мерейін тасытты. Сонымен бірге ауыл шаруашылығының басқа да дақылдарын өндіруде жəне мал азығын молынан жинап алуда аянбай еңбек етіп, бүгінде қытымыр аязды мезгілден төрт түлік малын тойымды қалыпта ұстап отыр. Сонымен бірге, округте шағын кəсіпкерлікті дамыту бағдарламасы нəтижелі істермен айшықталуда. Ауыл тұрғындары арасында мемлекеттік бағдарламалар арқылы көкөніс өндіру, мал шаруашылығын өркендету, тұрмыстық қызмет көрсету бағытында тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуде. Шаруашылық басшысы О.Төлеповтың айтуынша ауыл тұрғындарының əлеуетін арттыру мақсатында көптеген іргелі істер атқарылуда. Шаруашылық бойынша өндірілетін күріш жəне ауыл шаруашылығының басқа да дақылы, мал азығы нарық бағасынан арзанға сатылды. Сондай-ақ, серіктестік ауылдағы барлық қоғамдық шаралар мен жеке тұрғындарға барынша қолдау көсетуде.
Міне, бірлік пен еңбекті ту еткен, ата-салт дəстүрін ұлықтаған ауылдағы жиында округ тұрғындары, ауыл əкімі Əбимүсілім Қоқановтың Дүр Оңғар ауылы бойынша өткен жылы атқарылған, яғни бірнеше көшеге жөндеу жүргізіліп, ауыл орталығын абаттандыру мақсатында атқарылған жұмыс жайлы берген мəліметінен кейін, аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы өңір бойынша Елбасының сара саясатын жүзеге асыруда жүзеге асырылған жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар, аудан экономикасын нығайту мақсатында алдағы уақытқа мақсатталған жоспарлар туралы сөз қозғады. Ел игілігіне пайдалануға берілген нысандарға тоқталды.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
"ҚТ" ақпарат.