» » Карантин & Кәсіп

Карантин & Кәсіп

Ел ішіндегі қазіргі ахуалға орай кәсіпкерлік нысандардың басым бөлігінің жұмысы тоқтатылды. Бұл кәсіп иелеріне оңай тиіп тұрған жоқ. Бірақ талап баршаға ортақ. Әлемді шарпыған індеттің таралуын болдырмау үшін – бұл аса қажетті шараның бірі. Дегенмен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шаралар өз деңгейінде орындалуда.


Нақтырақ тоқталсақ, көп кәсіпкердің көкейіндегі сұрақтың бірі – салықтық өтемдер. Осы ретте шағын және орта бизнес өкілдері 1 сәуірден 1 қазанға дейінгі алты ай көлемінде салықтан босатылғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ кәсіптің төтенше жағдайға орай тоқтауына байланысты несиелік төлемдерді кейінге қалдыру мәселесі де қарастырылуда. Жеңілдіктер легі мұнымен тоқтамақ емес. Табыс тауып отырған жұмысының тоқтауы салдарынан табыссыз қалған кәсіп иелері 42500 теңгелік әлеуметтік көмекке де қол жеткізуде. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. Ал өз жұмысын жалғастырып жатқан кәсіпкерлік нысандар, яғни азық-түлік дүкендері мен дәріханалар санитарлық шараларды қатаң ұстануда. Ғимаратқа бетпердесіз кіруге тыйым салынғанын және әрбір тұрғын кірген бетте антисептикпен қолын залалсыздандырып жатқанын жиі байқаймыз.

Сондай-ақ, карантин режиміне сай кәсібін бейіндеп, бетперде тігіп, халыққа ұсынып жатқан кәсіпкерлер аудан көлемінде де бар. Әлеуметтік желіден тіпті мұқтаж жандарға тегін таратып жатқанын да көргеніміз бар. Тігін цехының иесі Қайрат Мектепбайұлы «Dalatex» фирмасымен байланыса отырып, бетперде дайындап, аудан дәріханаларының сұранысын қанағаттандырып отыр. Бұл қатарды Гүлнұр Бодықова, Эльвира Әзірбекова сынды қолөнермен айналысушы кәсіп иелері толықтыруда. Яғни, бизнес өкілдері қажетті кезде мемлекетке қолдау көрсетуде.

Ал кәсіпкерлік палатасының жұмысы туралы облыстық кәсіпкерлер паласының аудандық филиал директоры Арман Ермекбаевпен телефон арқылы байланысқан едік.

– Палата жұмысы өз деңгейінде жүргізілуде. Қазіргі талапқа сай үш адамнан артық топтасуға болмайды. Сол себепті біздің оқыту курстарымыз кейінге қалдырылды. Өйткені бір топта кем дегенде 60-тан аса адам білім алады. Ал онлайн жүйеге көшпеуіміздің себебі кейбір ауылдарда интернет желісінің нашар ұстауы. Ал біздің қатысушылар арасында ауыл тұрғындары баршылық. Төтенше жағдай режимі аяқталған соң, жоспарға сай жұмыстар өз легімен толықтай жүргізілетін болады. Сондай-ақ, менеджерлер де қойылған талапты орындап қашықтан жұмыс істегенмен, кәсіпкерлер қажетті кеңессіз қалып жатқан жоқ. Оларды қолдауға бағытталған гранттардың саны да кемімейтінін алға тартамын. Ең бастысы – елдің амандығы, – дейді А.Ермекбаев.

Иә, расымен ел аман болса, барлығы қалпына келеді. Тек уақытша ғана оқшаулану шарасын сақтасақ, аты жаман індет ауыздықталып, бұрынғы алаңсыз күнімізге ораламыз. Карантин режимінде өмір сүру ешкімге оңай тиіп жатқан жоқ, ал өзі үшін талмай еңбек ететін кәсіп иелеріне тіпті қиын. Дегенмен, түсіністік танытып, сабырлы болып, біріге іс қылсақ, бұл індеттен де іргемізді аулақ саламыз.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
28 сәуір 2020 ж. 1 495 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 093

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031