» » Анель Мұхтарбекова: "Қысылтаяң уақытта қанатының астына алды"

Анель Мұхтарбекова: "Қысылтаяң уақытта қанатының астына алды"


Мен былтырғы желтоқсан айынан бастап шағын жеке кәсібімді бастаған болатынмын. Үйден тәтті торттарды тапсырысқа пісіремін. Әлемді шарлаған індет елде, облыс көлемінде тіркелген соң, оның таралуын болдырмау мақсатында барлық жолдар жабылды. Ал мен тортқа қажетті кондитерлік өнімдерді қаладан алдыратынмын. Соған байланысты кәсібім бәсеңдеді. Одан бөлек, көпшілік жиындарға тыйым салынғандықтан, тапсырыс берушілер де тоқтады. «Енді қалай болар екен?» деген күдіктің көңілді жайлағаны рас. Алайда, жаңалықтардан төтенше жағдайға орай табыссыз қалғандарға арналған 42500 теңгелік жәрдемақы туралы естіп, үйден шықпай-ақ телеграм каналы арқылы өтініш бердім. 3 күн шамасында өтінішім қаралып, жауабы келді. Үйімізден шықпай-ақ, қиындықсыз ақша алу дегеніміз – дамыған мемлекет екеніміздің бір дәлелі. Қысылтаяң уақытта қанатының астына алып, қолдау білдірген мемлекетке алғысым шексіз.

Анель МҰХТАРБЕКОВА,
жеке кәсіпкер
17 сәуір 2020 ж. 1 714 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№29 (10497)

21 сәуір 2026 ж.

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 946
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 583

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930