» » 42500: Көмек кімдер үшін?

42500: Көмек кімдер үшін?

Қазіргі қарқынды дамып жатқан заманда бірнәрсені жасырып, бүгіп қалу мүмкін емес. Әлеуметтік желінің әлеуеттілігі сонша әлемнің кез-келген бұрышындағы оқиғаны сол сәтте-ақ көре аласың. Әлемді шарпыған індет елге келіп, төтенше жағдай жарияланғаны баршаға мәлім. Төтенше жағдайдың он күні өтер-өтпестен ғаламторда әкімдік алдына жиналып, «ашпыз» деп ашынған аналардың видеосы тарады. Бұл көріністі көріп, көңіліміздің түскені рас. Масылдыққа етіміз тез үйреніп кеткен бе? Қолдағы барын қанағат тұтып, денінің саулығына шүкір етіп, әрбір үйдің берекесін кіргізетін салиқалы да дана аналардың ұрпағы емес пе едік деген ой келеді осындайда. Пейіліміз бен ниетіміз сыналған шақта бұл құптарлық іс емес. Себебі, Мемлекет басшысы қиын-қыстау кез туғанда табысынан айырылып, дағдарып қалған жандарды назардан тыс қалдырмады. Ол көрегенділік танытып, әлеуметтік көмек тағайындауға тапсырма берді. Оның негізінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42500 теңгеден берілетін болды. Енді елдің назары күн сайын өршіген індетке емес, қалайда көмекті алуға бағытталды. «Індеттің ілмегіне түсіп қалам-ау» деп емес, «42500-ге ілінсем» деп банк пен пошта жағалап кеткендер аз емес. Алайда, айтпағымыз бұл емес. Сол Мемлекет басшысының тапсырмасына орай берілетін 42500 теңге кімдерге арналған? Қай санат өкілдері көмекке қол жеткізе алады?
Президент мәлімдемесінен кейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде әлеуметтік төлем алу жолдарын толықтай түсіндіріп берді. Нақтылай кетсек, бірінші – төтенше жағдайға орай жалдамалы қызметкерлер, яғни шағын және орта кәсіпорындарда демалысқа жіберілген жұмысшылар. Екінші – карантин жарияланған қалаларда бұл санатқа ірі кәсіпорындар да жатады. Үшінші – жалдамалы еңбекті пайдаланбайтын табысынан айырылған жеке кәсіпкерлер. Төртінші – жеке практикамен айналысатын адамдар. Сондай-ақ бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеуші жеке тұлғалар да бұл санатқа жатады. Сонымен қатар төтенше жағдай салдарынан кірісін жоғалтқан, міндетті зейнетақы жарналары бар азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімдер бойынша табыс алатын адамдар мен жалақы сақталмайтын демалыста жүрген коммерциялық емес заңды тұлғалардың (мемлекеттік заңды тұлғалардан басқа) қызметкерлері әлеуметтік көмекті алу үшін өтінім бере алады.
Ал төтенше жағдай енгізілгенге дейін БЖТ төлейтіндерді қоспағанда, 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір де бір ай қатысу өкілі жоқ тұлғалар, өтініш берілген күнге дейін 12 ай көлемінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бір рет болсын қатысу өкілі жоқ БЖТ төлеушілер, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін 12 ай ішінде зейнетақы аударымдарын төлемеген АҚС шарттары бойынша табыс алатын жеке тұлғалар төлем алуға үміткер бола алмайды.
Әлеуметтік көмекті алу жолына келсек, алғашында e.gov.kz әлеуметтік порталы арқылы, кейіннен телеграм-бот арқылы өтінімдер қабылданған болатын. Ал соңғы дерекке сай, қазір 42500.enbek.kz сайтына көмек алу үшін өтініш қалдыруға болады. Өтініш беру үшін ешқайда барудың қажетті жоқ. Тек ұялы телефон арқылы барлығын рәсімдеуге болатын еске саламыз. Сондай-ақ сала мамандары көмек алып беретінін алға тартып, жеке құжат нөмірін сұраушыларға сенбеуді тапсырды. Осындай дүрбелең уақытты пайдаланып, өзгенің ақшасын жымқыратын алаяқтардан сақ болған абзал.
Елде мұнан өзге көмекке аса мұқтаж жандарға «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Birgemiz» қоғамдық қорынан 50 000 теңгеден беріледі. Аталған көмек мүгедектер, АӘК алмайтын тұрмысы төмен көпбалалы, мүгедек бала тәрбиелеуші отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын, халықтың әлеуметтік әлсіз тобындағы зейнеткерлер, жетім (тұл жетім, асыраушысының бірінен айырылған) балалар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлеріне беріледі. Онымен қоса аурудың таралу қаупі жоғары ірі қалалардың тұрғындарына көмек көрсетіледі. Ал бұл көмек түріне ешқайда баруды, өтініш жазудың қажеті жоқ. Қаржы жақын арада өңірлік қорларға аударылып, мұқтаж азаматтың есепшотына түсетін болады. Қазіргі уақытта аталған көмектерді аудару уақытында банк комиссиясын, кредиті барлардың берешегін шегеріп қалмау мәселесін талқылау үстінде. Қазіргі қысылтаяң уақытта бұл – үлкен көмек. Ел басына күн туғанда мемлекеттің қоғамды назардан тыс қалдырмауы – халық үшін зор қолдау. Үкіметтің қолдауы мен қорғауын сезіне отырып, әр тұлға саналы түрде жауапкершілік танытып, тәртіпке бағынса бұл қиын кезең де артта қалар.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
07 сәуір 2020 ж. 2 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031