» » Медициналық сақтандыруға не үшін ақы төлеу керек?

Медициналық сақтандыруға не үшін ақы төлеу керек?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандық Медициналық сақтандыру қоры бұл сұраққа толыққанды жауап береді.

 Медициналық сақтандыру төлемдерін аудару сізге медициналық қызметтің сақтандыру пакетін пайдалануға мүмкіндік береді. Сол арқылы тегін көмекке қарағанда әлдеқайда көп әрі сапалы қызмет алуға болады. Сақтандырылған адамдар тексеріс пен ем қабылдауға кететін шығындарға алаңдамаса да болады. Сондықтан медициналық сақтандыру төлемдерін аударған тиімді.
Дегенмен, төлем жасамайтындар медициналық қызметсіз қалмайды. Олар учаскелік терапевтің қабылдауын жазылып қана қоймай, тексерістен өтіп, бірқатар қауіпті дерттерді де тегін емдей алады. Жедел медициналық жәрдемнің қызметі де ақысыз қала береді.
Медсақтандыруды халық неғұрлым көп таңдаса, жүйе соғұрлым берік болады. Сол себептімемлекет қазақстандықтарды сақтандыруға бағыттайтын ережелерді енгізуде.

Жарнаны кімдерге төлеп береді?
Заң бойынша елдің барлық жұмыс істейтін тұрғындарының табыстарынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарналар алынуы тиіс. Ағымдағы жылы жарнаны тек жұмыс берушілер ғана төлейді. Оның көлемі -жалдамалы қызметкерлерге берілетін еңбекақының 1,5% - ы.
Сіздің мемлекеттік құрылымда немесе жекеменшік ұйымда болсын, қай жерде жұмыс істейтініңіз маңызды емес: жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлем жүргізуге міндетті. Бұл сіздің жалақыңызға әсер етпейді.
Осы мәселеге көз жеткізу үшін сізге ай сайын берілетін есеп парағымен мұқият танысып шығыңыз. Жұмыс берушінің МӘМС жүйесіне қатысты ағымдағы ай мен жыл басынан бергі аударымдары жеке жолақта көрсетілген. Назар аударыңыз: Қазір МӘМС үшін «Ұстап қалу» бағанында ешқандай сома жоқ!

Есептеу үлгісі:
2019 жыл
Түскені - 100 000 теңге
Еңбекақыдан МӘМС-ке жарна ұстап қалу - жоқ
Жұмыс берушінің аударымдары – 1500 теңге

Келесі жылы сақтандыру медицинасы енгізілгенде жағдай өзгереді. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс беруші сіздің еңбекақыңыздың 1%-ын (2022 жылы – 2%-дан) ұстап, Медициналық сақтандыру қорына аудара бастайды. Ұстап қалу шегі – 10 ең төменгі жалақы.
Жұмыс беруші жалдамалы персонал үшін 2020-2021 жылдары - 2%, 2022 жылы - 3%-бен аударым жасауды жалғастыра береді.

Есептеу үлгісі:
2020-2021 жылдар
Түскені - 100 000 теңге
Еңбекақыдан МӘМС-ке жарна ұстап қалу –
1000 теңге
Жұмыс берушінің аударымдары – 2000 теңге

2022 жыл
Түскені - 100 000 теңге
Еңбекақыдан МӘМС-ке жарна ұстап қалу –
2000 теңге
Жұмыс берушінің аударымдары – 3000 теңге

Кім өзі төлейді?
Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иелері және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар (жеке адвокаттар, сот орындаушылары және т.б.) 2020 жылдан бастап ай сайын 1,4  ең төменгі жалақының 5% ставкасы бойынша МӘМС жарналарын аударатын болады. Ағымдағы жылдың бағасымен есептесек, жарнаның көлемі 2975 теңгені құрайтын еді.

Есептеу үлгісі:
Ең төменгі жалақы 2019 жылы – 42500 теңге
42500 теңге Х 1,4 = 59500 теңге
59500 теңгеден 5%  = 2975 теңге
Ең төменгі жалақы жылдан жылға өзгеретіндіктен, 2020 жылы жарна сомасы өзгеше болуы мүмкін.

Қазақстанның барлық тұрғындары (дербес төлеушілер) медициналық сақтандыру үшін ең төменгі жалақының 5% ставкасы бойынша төлем жасай алады. 2019 жылда-2125 теңге.

Есептеу үлгісі:
Ең төменгі жалақы 2019 жылы – 42500 теңге
42500 теңгеден 5%  = 2125 теңге

Тұрақты табыс немесе ресми еңбек шарты жоқ азаматтар да медициналық сақтандырудың қатысушысы бола алады. Мұндай мүмкіндік жалдамалы еңбек күшін тартпай, өзге жеке тұлғаларға қызмет көрсетіп, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған қазақстандықтарға беріледі. Мысалы, саяжайының көкөністері мен жемістерін сатумен, көмір тиеумен немесе бақшаға егін егумен, бала күтуші, репетитор, үйде компьютер жөндеумен айналысатын азаматтар.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасай алады. Ең төменгі аударымдар үшін (0,5 – 1 АЕК) азамат бірден үш әлеуметтік жүйенің қатысушысы болады: зейнетақы (жұмыс өтілі есептеледі), әлеуметтік және медициналық сақтандыру. 2020 жылы кемінде үш ай қатарынан БЖТ төлеу медициналық қызметтердің сақтандыру пакетін алуға мүмкіндік береді.

БЖТ есептеу үлгісі:
Республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін - 1 АЕК (2019 жылы  2525 теңге)
Ауылдық жерлер үшін  - 0,5 АЕК ( 2019 жылы  1263 теңге)

Маңызды!
Медициналық сақтандыру заңмен енгізілді. Жұмыс берушілердің, ЖК, жеке тәжірибемен айналысатын адамдардың жүйені орындауын Мемлекеттік кірістер департаменті – салық міндеттемелерін орындау қағидаты бойынша қадағалайтын болады. Төлем мерзімін кешіктіргендер үшін өсімпұл жүреді, қасақана төлем жасамайтындардың шоты қамауға алынады, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың  халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

26 қыркүйек 2019 ж. 954 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031