» » Президент үндеуі халыққа демеу болды

Президент үндеуі халыққа демеу болды

Мемлекет басшысының бүгінгі үндеуі әлемді шарпыған індет үрейін ұшырып отырған халықтың көңіліне демеу болды. Төтенше жағдайға байланысты халықты толғандырған сан-сұраққа жауап та берілді. Мемлекет басшысы көктемгі егін шаруашылығына басымдық беріп, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы негізінде қосымша 100 млрд теңге, ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге 70 млрд теңгенің бөлінетіндігін атап өтті. Онан бөлек, біздің сала мамандары үшін жанармай бағасының 15% төмендеуі осындай қиын-қыстау кезеңде үлкен жеңілдік деп білемін. Бұл шаралар күрделі кезең қиындықсыз өту үшін орта және шағын шаруа қожалықтарына, отандық бизнеске деген қолдау. Кәсіпкерлердің салықтан босатылуы да назардан тыс қалмады. Мемлекет тарапынан осындай қолдау беріліп тұрғанда, біз қолдан келгенше қарапайым халыққа, мемлекетке өз жауапкершілігіміз арқылы көмек көрсетуіміз қажет.
Тәуелсіз Қазақстан болу үшін ұлтымыз көптеген қиын-қыстау күндерді басынан өткерді. Сондай аласапыран уақытта ымырашылдығының арқасында түрлі сынақтарды жеңіп шықты. Береке мен бірлік бар жерде біз үшін алынбайтын қамал жоқ. Басқа түскен сынаққа ел болып төтеп берейік. Әрбір азамат Отан алдындағы қасиетті борышын сезініп, еліне жауапкершілікпен қараса бұл қиындықты да еңсеретініміз анық.
Мұрат АБАЙҰЛЫ,
«Абай Дәулет» ЖШС,
«Достық жер МК » ЖШС директоры
31 наурыз 2020 ж. 1 247 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 351
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 126

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930