» » Халық мемлекетке қолдау көрсетуі қажет

Халық мемлекетке қолдау көрсетуі қажет

Коронавирус індеті күллі әлемді шарпыған ауыр вирус. Бұл ауру біздің елімізге де жетіп, қазіргі күннің өзінде 300-ден астам адам жұқтырған. Дегенмен, мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралар бұл ауруды барынша ауыздықтауда. Мемлекет басшысы өз үндеуінде атап өткендей біздің елмен бірдей мемлекеттерде коронавирустың зардабы көп. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» демекші, бірауыздан карантиндік жүйені сақтансақ ауруды ауыздықтайтынымыз кәміл.

Осынау қиын кезде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы індетпен бетпе-бет күресіп жатқан жандарға қолдау білдіргені көңілге жылу сыйлайды. Өмір мен өлім арасында жүрген дәрігерлер марапатқа лайықты екені сөзсіз. Сонымен қатар Мемлекет басшысы халықты өз өнімі мен тауары арқылы қамтамасыз етіп отырған шаруашылық иелері, кәсіпкерлерге арналған жеңілдіктер қарастырды.
Мәселен, халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ететін шаруашылықтарға 70 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ көктемгі егіс егетіндерге 100 млрд теңге бөлініп, фермерлерді қолдау мақсатында жанармай құны 15 процентке төмендетуді тапсырды. Мұндай көмектің арқасында осындай қысылтаяң кезеңде шаруашылық иелері халықты сапалы өніммен қамтасыз етері сөзсіз. Онымен қоса Президенттің тапсырмасы бойынша кәсіпкерлер уақытша салықтан босатылды. Енді олар тұтынушыларын өз тауарларымен кең көлемде қамтасыз ете алады.

Мемлекет халыққа көмек беруден аянып қалған жоқ. Халықтың денсаулығы мен амандығы бірінші орында. Ендігі кезекте халық та мемлекетке демеу беруі қажет. Карантиндік режимде қатаң сақтап, өзі мен өзгенің денсаулығына зиян тигізбеуі маңызды. Бірлігі бекем елдің керегесі берік болады. Біз біріксек алынбайтын қамал жоқ.

Эльвира Әзірбекова,
Жас кәсіпкер,
«Jas project» жобасының жеңімпазы
31 наурыз 2020 ж. 933 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 306
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 768

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 83

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930