» » Қазақстан құрғақшылық салдарынан жыл сайын 93 млрд теңге жоғалтады

Қазақстан құрғақшылық салдарынан жыл сайын 93 млрд теңге жоғалтады

Қазақстан жыл сайын құрғақшылық салдарынан 93 млрд теңге жоғалтады. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік кадр резервіне енген жастармен кездесуінде Жапония ұлттық саяси зерттеулер институтының PhD докторанты Зүлфия Сүлейменова айтты, -  деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Менің диссертациям Сырдария өзені бассейніндегі су ынтымақтастығына арналған. Бұл тақырып Қазақстан үшін өзекті. Қазірдің өзінде біз су тәуекелдерімен бетпе-бет келіп отырмыз. Бүгінде су күйзелісінің деңгейі 25-тен 75 пайызға дейін бағаланады. Қазақстан жыл сайын құрғақшылық салдарынан орын алатын шөлейттену нәтижесінде шамамен 93 млрд теңге жоғалтады», - деді ол.
 Осы ретте ол еліміздің су және экологиялық күнтәртібінде тұрған бірқатар ұсыныс жасады.
«Біріншіден, экономиканың су қамтымдылығын қысқарту қажет. Біз дайындалуына судың өте үлкен мөлшері шығындалатын тауарлар өндіреміз. Тапшылық оның жетіспеушілігінен ғана емес, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мен энергетика секторындағы сұраныстың жоғары болуынан орын алып отыр. Екіншіден, жерасты суының ластануына жол бермеу шараларын күшейту қажет», - деді болашақ ғалым. Оның айтуынша, ауаның және жер бетіндегі судың ластануын төмендету, ауыл шаруашылығында зиянды химикаттар пайдалануды азайту есебінен жерасты суларының ластануын азайтуға болады. Циркулярлы экономика мен қалдықсыз өндірісті дамытуды ынталандыру да қажет.
«Үшіншіден, халықаралық ынтымақтастықты күшейткен жөн. Қазақстан суының 44 пайызы одан тысқары аумақта қалыптасады. Кейбір аудандарда бұл цифр 80 пайызға жетеді. Сондықтан көршілерімізбен тиімді ынтымақтастықты қалыптастыруымыз қажет. Себебі су – бұл біздің ортақ байлығымыз. Төртіншіден, әр адамның жауапкершілігі идеясын ілгерілетуіміз қажет. Бұл мәселемен осы саланың мамандары ғана айналыспауы тиіс», - деді Зүлфия Сүлейменова.
16 қаңтар 2020 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031