» » Президент: Отандық бизнеске 1 трл теңге бөлінді

Президент: Отандық бизнеске 1 трл теңге бөлінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бизнесті қолдау үшін 1 триллион теңге бөлінгенін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев
Бұл туралы президенттің Twitter-дегі парақшасында жазылды. 
"Коронавирустан зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында Ұлттық банкке Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, шағын және орта кәсіп иелерінің айналым капиталы үшін 8% мөлшерлеме бойынша 1 жыл мерзімге 600 млрд тг сомаға жеңілдетілген несие беруді тапсырамын", - депті Тоқаев.
Бұған қоса президент мемлекеттегі кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қомақты қаражат бөлінгендігін алға тартты.
"Ұлттық банк қарыз алушыға қаражатты берудің нақты тәсілін ұсынуға міндетті. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру көлемі артып, отандық бизнесті қолдау үшін 1 трлн теңге бөлінеді. Үкімет бұл қаражаттың мақсатқа сай игерілуіне жауап береді", - деді президент.
Еске салайық, бұған дейін Тоқаев қазақстандықтарды коронавирустан келетін қауіптерге дайын болуға шақырған еді. 
20 наурыз 2020 ж. 757 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 558
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930