» » Биыл Қазақстанда 14 мың адам шағын несиемен қамтылады

Биыл Қазақстанда 14 мың адам шағын несиемен қамтылады

Биыл 14 мың адам шағын несиемен қамтылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ағымдағы жылы шағын несие беру бағдарламасын қаржыландыру көлемі 62 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық бюджет есебінен - 54 млрд теңге, жалпы сипаттағы трансферттер - шамамен 8 млрд теңге. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нұсқамасына сәйкес, ағымдағы жылы жалпы сипаттағы трансферттер есебінен шағын несие беру көзделген қаражат бағдарламаның басқа іс-шараларына қайта бөлінгенін ескерсек, жергілікті атқарушы органдарға ағымдағы жылдың басында бюджетті нақтылау кезінде 8 млрд теңге сомасында қаражатты толықтыру қажет», - деді ол. Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы бөлінген қаражат есебінен 14 мың адамды, оның ішінде ауылдық жерлерде 12 мың адамды, ал қалаларда 2 мың адамды шағын несиемен қамту міндеті қойылған. «Микронесие беру бойынша көрсеткіштерді орындау үшін бағдарлама операторларына өңір әкімдіктерімен бірлесіп, үшжақты кредиттік келісімдерге қол қоюды тездету және бөлінген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылып, соңғы қарыз алушыларға жетуін қамтамасыз ету қажет», - деді Мадина Әбілқасымова.  

Дереккөз: inform.kz
24 қаңтар 2019 ж. 1 140 1

JeaCold от 21 ақпан 2019 02:08
Comprar Cialis Online Seguro Viagra Paris Boutique Antibiotics For Sale viagra Stendra Online Discount Buy Cheap Metronidazole Amoxicillin Buying It

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031