» » Тоқаев: 42500 теңге ресми түрде жұмыссыз қалғандардан бөлек, табыссыз қалған барша қазақстандыққа беріледі

Тоқаев: 42500 теңге ресми түрде жұмыссыз қалғандардан бөлек, табыссыз қалған барша қазақстандыққа беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты 42500 теңгелік жәрдемақы табыссыз қалған барша қазақстандықтарған төленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ақша
"42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын.Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады. Бұл көмек белгіленген тәртіп бойынша шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана беріледі. Жалпы, 3 миллионға жуық азаматымызға қолдау көрсетіледі", - деді Тоқаев.
Бұған қоса президент азық-түлікті тегін алатындардың қатары көбейетіндігін айтып кетті. 
"Сонымен қатар, тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлікті тегін алатын азаматтардың қатары көбейеді. Атап айтқанда, мұндай көмекті мүгедектер және жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар да иеленеді. Тегін азық-түлік сегіз жүз мыңнан астам адамға беріледі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша сақтандырылмаған азаматтардың медициналық көмек алу құқығын 1 сәуірден 1 шілдеге дейін ұзартуды тапсырамын. Соған байланысты медициналық көмек азаматтарға бұрынғыдай қол жетімді болып қала береді", - деді Тоқаев.
31 наурыз 2020 ж. 1 186 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 831
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 553

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930