» » Қармақшы ауданында ашылған цех тәулігіне 1 тонна сүт өндіреді

Қармақшы ауданында ашылған цех тәулігіне 1 тонна сүт өндіреді

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында тәулігіне 1 тонна сүт өңдейтін цех ашылды. Аграрлық аудан үшін өңдеу ісінің ілгері басуы - үлкен жетістік, - дейді мамандар. Tігінмен қатар, төрт түліктің өнімін өңдеуге бетбұрған бастама әлеуметтің әлеуетіне айтарлықтай оң әсерін тигізген.
Тұрмағамбет ауылындағы сүт өңдеу цехы – Нұрай Тұрмаханова секілді жас мамандар үшін мол мүмкіндік ашты. Ол Алматыдағы жоғары оқу орнын азық-түлік өңдеу технологиясы мамандығы бойынша биыл бітіріп келген. Бүгінде шағын зауытта 6 түрлі сүт өнімі шығарылады. 
Нұрай Тұрмаханова, инженер-технолог:
- Бұл – біздің кефиріміз, емдік сарысуымыз, творг, балмұздақ бар. Және түрлі сүттен жасалатын тағамдарды жасаймыз. Біздің негізгі мақсатымыз – сүттен табиғи өнімді шығару, ешқандай қоспасыз. Және де тұтынушыға пайдалы өнімдерді шығарамыз. 
Өндіріс орнына шикізат жеткілікті. Серіктестік жанында мал фермасы бар. Одан бөлек ауыл тұрғындары да күнделікті 200 литрдей сүт өткізеді екен.   
Нұржан Пірмантаев, серіктестік директоры:
- Біздің өзімізде осы ет бағытындағы, сүт бағытындағы 200 бас аналық сиыр бар, 300 бас уақ мал – қой бар. Бізде халықта жалпы осы тұрғындарда 2,5 мың бастай ірі қара бар, мың бастай уақ мал бар. Осы ет бағытында да жұмыс жасағымыз келеді. Соған байланысты консерві, колбаса өңдеу жөнінде де алдағы жоспарымыз бар. 
Жалпы Қармақшы ауданында өткен жылмен салыстырғанда мал басы 14 процентке дейін өскен. Осылайша Мүйізді ірі қара 24 мың бастан асса, уақ мал 54 мың басқа жетіпті. Одан бөлек 18 мыңдай жылқы бар.
Әділ Қошалақов, қармақшы ауданы әкімінің орынбасары: 
- Мал басы қазір көбейіп, енді оны әрі қарай өңдеп, тұтынушыға тиісті деңгейде жеткізу ол заман талабы. Осы істерде мемлекеттің қолдауы – қандай шаралар бар, соның барлығын бірлесе отырып жасап, ауданда мал өнімдерін қайта өңдеп, нарыққа шығаруды жоспарлаудамыз. 
Алдағы уақытта мұндай шағын сүт, ет өңдеу зауыттарын Қармақшы ауданының бірнеше ауылынан ашу жоспарланған. Бұл ауданда қолға алынған өңдеу өнеркәсібін дамыту шараларының бір сыпырасы екен. Сондай-ақ келесі жылы Ақтөбе ауылынан жылына 1 жарым мың тонна ет өңдеуге қауқарлы құс фермасы ашылмақ. 
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Қанат Еңсебаев, Айтмұхамед Бәйділдаев


27 тамыз 2019 ж. 1 786 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 74
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031