» » Өңдеу өнеркәсібінде озып шыққан өңірлер белгілі болды

Өңдеу өнеркәсібінде озып шыққан өңірлер белгілі болды

Өңдеу өнеркәсібінде озып шыққан өңірлер белгілі болды
Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қарқыны туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бағдарламаның іске асырылуы өңдеу секторының тұрақтылығы мен динамикасына оң әсерін тигізді. Индустрияландыру дайын өнім шығаруға бағытталған өңдеу өнеркәсіп салаларындағы (химия өнеркәсібі, машина жасау, жиһаз, құрылыс материалдарының өндірісі және тағы да басқалар) кәсіпорындардың санын арттыруға мүмкіндік береді. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында 2010 жылмен салыстырғанда өңдеу салаларында жұмыс істейтін қосымша 3,5 мың кәсіпорын пайда болды.
Негізінен, өсім машина жасау (805 бірлік), азық-түлік өнеркәсібі (545 бірлік), құрылыс материалдары (514 бірлік) кәсіпорындары санының өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Олардың жалпы сомалық үлесі өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындарының жиынтық өсімінде 50 пайыздан асты», - деді Жеңіс Қасымбек.
Министрдің айтуынша, биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындыларын өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, өңдеу секторындағы өндіріс 5,2 пайызға артып отыр.
Оң динамикаға ықпал ететін негізгі драйверлер: машина жасау (+17,2%), химия өнеркәсібі (+11%), азық-түлік өнімдерін өндіру (+5,2%), мұнай өңдеу (+4,4%), металлургия (+3,4%), құрылыс материалдарының өндірісі (+2,2%).
«Биылғы есепті кезеңде барлық нысаналы индикаторлар бойынша оң динамика байқалады. Жылдың соңына дейін өңдеу өнеркәсібіндегі экспорттың құндық көлемінің өсімін 7 пайызға (2015 жылғы кезеңге), еңбек өнімділігін 11,9 пайызға, негізгі капиталға салынатын инвестицияларды 1 трлн теңгеден астам сомаға жеткізу қажет. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің 2018 жылғы 2 айдағы республика бойынша орташа экспорт көлемі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,5 пайызға артып, 2,5 млрд АҚШ долларын құрады», - деп нақтылады ведомство басшысы.
Белгілі болғандай, өңірлер арасында ең көп өсім Қызылорда (2,3 есе), Солтүстік Қазақстан (2 есе) және Павлодар облыстарына (1,9 есе) тиесілі. Өңдеу өнеркәсібінің басым секторлары - теміржол (3,7 есе) және электр техникалық машина жасау, агрохимия (3,1 есе), сондай-ақ құрылыс материалдары өндірісінде (3 есе) және тау-кен машиналарын жасауда (2 есе) айтарлықтай өсім бар.




22 тамыз 2018 ж. 1 398 1

JeaCold от 16 наурыз 2019 23:50
Pyridium With Free Shipping Trusted Meds Online Picture Of Keflex generic cialis overnight delivery Can Amoxicillin Cure Syphilis Domperidone Without Script Buy Wellbutrin With No Prescription

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031