АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Елбасымыз өзінің жолдауында «Ақылды технологоиялар» - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамытудың мүмкіндігі екенін атап өткен болатын. Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек деп атап көрсетті. Осыған байланысты өнеркәсіп кәсіпорындарында 2017 жылдың 11 айында 2 млрд. 281 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 100,2 пайызды құрады.
Ал, өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру 96,7 пайызды құрады. Өндірісті арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін «Ақтөбе и К» ЖШС-нің «Қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін зауытын ашу» жобасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды. Жобаның құны 1,9 млрд.теңге. Аталған жобаға 2018 жылға «Байқоңыр» ӘКК АҚ 558,6 млн.теңге бөлді. Құс фабрикасының құрылыс жұмыстарын жыл аяғына бітіру жоспарланып отыр.
2017 жылы «Құс фабрикасы құрылысы объектісін сыртқы инженерлік инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз ету» бойынша жоба-сметалық құжаттарын дайындауға облыстық бюджеттен 20,1 млн.теңге бөлінді.
ЖСҚ әзірленді, жоба құны 838 млн. теңге. Қаржыны “Бизнестің жол картасы” бағдарламасы аясында қаржыландыруға облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына ұсынылды. Жоба аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралғаннан кейін қаржыландыруға ұсынылады.
Сондай-ақ, өндіріске қолайлы жағдай туғызу мақсатында Жосалы кентіндегі №1 индустриялық аймаққа инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. Индустриялық аймаққа кәсіпорындар орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Жер учаскелерін аукциондық әдіспен 4 кәсіпорын алды. Оның ішінде, «МиР-2001» ЖШС-нің «Құрылыс құм-тас қоспасын фракцияларға бөлу цехы» жобасын іске қосу бойынша жұмыстары аяқталды. 2018 жылы темір бетон зауытын іске қосу жоспарлануда.