» » АГРОӨНЕРКӘСІПКЕ ТЫҢ СЕРПІН

АГРОӨНЕРКӘСІПКЕ ТЫҢ СЕРПІН

Елбасы Н.Назарбаев өзінің биылғы жолдауында Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері туралы кеңінен тоқталып өтті.  Жолдауда Мемлекет басшысы ең дамыған 30 елдің қа­тарына кіру жолындағы еліміздің 10 негізгі міндетін белгілеп берді. Оның ішін­де агроэнеркәсіпті дамыту бағытына тоқталып,  бұл біздің экономикамыз үшін үлкен ілгерілеушіліктің басты белгісі екенін баршамызға мәлім етті.
Атап айтар болсақ, «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі сөз болды. Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керектігі басты назардан тыс қалмады. Расымен, біз шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен қайта шығатын болсақ қана, біз алмайтын асу жоқ.
Алайда, аталған мәселенің толық­қан­ды шешімі табылу үшін барлық аграрлық кешеннің түбегейлі жұмыл­дырылуы да маңызды қадам болып саналмақ. Оны ғылым тұрғысынан дамытып, шикізат өнімдерін сырт елдерге экспорттауды, өзімізден тасымалданатын өнімдердің сапасының жоғары болуы біздің басым бағыттарымызды айқындайтын жоғарғыкөрсеткіштеріміздің бірі болып қалыптаспақ. Осыған орай аграрлық университеттердің оқыту жүйесін қада­­ғалап, білім алып жатқан жас маман­дарға тек диплом беріп шектеліп қана қоймай, ауыл шаруашылығы кешенінде нақты жұмыс істейтін немесе ғылыммен айналысатын мамандарды даярлау қажет.
Бұл үшін ең алдымен, жоғары оқу орындарының  оқу бағдарламаларын жаңа нұсқада жазып, агроөнеркәсіп кеше­ніндегі озық біліммен үздік тәжіри­бені тарататын орталықтарға айналу талап етілуі керек.
Мысалы, егін егу мен астық жинаудың оңтайлы уақытын болжамдаудың, «ақыл­­ды суарудың», минералды ты­ңайт­­қыш себудің, зиянкестермен және арам­шөппен күресудің интеллектуал­ды жүйелері арқылы өнімділікті бірне­ше есе арттыруға болады.
Бұл, мемлекет бизнеспен бірлесіп, отандық өнімді халықаралық нарыққа шығарудың, сондай-ақ өзге де мемлекеттермен бірлесіп дамудың басты көрсеткіші саналмақ.
Алмасбек Қаржаубаев,
«Қармақшы – Даму» кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты.
18 қаңтар 2018 ж. 1 261 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 034

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031