ҰСТАЗДАН ҰЛАҒАТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!
«Физика – табиғат туралы ғылым» С.Есқараев атындағы №27 орта мектебінде ардагер ұстаз, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған Жұмабаева Талмаш Жұмабайқызының қатысуымен тағылымды сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ барысында ұлағатты ұстаз физика пәнінің қызықты қырларын таныстырып, түрлі тәжірибелер арқылы табиғат құбылыстарының сырын түсіндірді. Оқушыларға ғылымның өмірмен байланысын көрсете отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттырды.
Ұстаздың әрбір сөзі мен іс-тәжірибесі – кейінгі буынға өнеге, жас мамандарға үлгі. Ардагер ұстаздың мол тәжірибесінен тәлім алып, білім беру жолындағы ізденіс пен шеберліктің маңызын тағы бір мәрте сезіндік.
Ұстаздық – ұрпақ жүрегіне білім нәрін сеуіп, өмір бойы өшпес із қалдыру. Ұстаздан қалған өнеге – ұрпаққа аманат!















