» » САНАЛЫ ҒҰМЫР – САРҚЫЛМАС ӨНЕГЕ

САНАЛЫ ҒҰМЫР – САРҚЫЛМАС ӨНЕГЕ


Білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен барлық мектептердегі бастауыш ардагер кеңесінің төрағаларының қатысуымен «Саналы ғұмыр – сарқылмас өнеге» атты тағылымды кездесу кеші өткізілді.

Іс-шараға білім бөлімінің басшысы Жәнібеков Берік Съездұлы және арнайы Қазақстан білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, облыстық білім саласы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Суюбаева Баян Орынбекқызы, Қазақстан білім беру ісінің үздігі, Алтынсарин төсбелгісінің иегері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Исмаилова Рамза Исааковна, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері, аудандық білім саласы ардагерлер кеңесінің төрайымы Жұмабаева Талмаш Жұмабайқызы және басқа да қадірменді ардагер ұстаздар қатысты.

Іс-шараның алғы сөзінде білім бөлімінің басшысы Берік Сьездұлы - ардагер ұстаздар білімнің шамшырағы, ұрпақ тәрбиесінің алдын діңгегі, бар өмір жолын шәкірт тәрбиесіне арнап, жас ұрпаққа біліммен қатар адамгершілік пен ізгіліктің үлгісін көрсеткен абзал жандар. Осы орайда сала ардагерлеріне әрдайым құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, ұстаздық еңбектің қадірін дәріптеу біздің міндетіміз - деп, бүгінгі өткізіліп отырған ізгі шараның мақсат- міндетін жеткізді.

Сонымен қатар кездесу барысында ардагер ұстаздар тарапынан ұстаздық жолдың маңызы мен білім мен тәрбиенің құндылығы және ұрпаққа үлгі болар өнегелі өмір туралы тағылымды әңгімелер мен ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, ұстаздық еңбектері мен қоғам дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар ардагер ұстаздар облыстық және аудандық білім бөлімінің, кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

13 қараша 2025 ж. 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 764
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 125

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 485

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930