» » ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ


Аудандық білім бөлімі және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шараға ауданның бас ұстазы Жәнібеков Берік Съездұлы қатысып, ұстаздар мен сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

“Құрметті ұстаздар, қадірлі ардагерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұлағатты ұғым. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында келешек ұрпақтың негізі қаланып, жас буын адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиеленуде. Осы жолдағы ұшан-теңіз еңбектеріңізге зор құрмет білдіремін. Мерейлі мерекеде сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін” – деді бөлім басшысы.

Салтанатты шара барысында өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие, озық білім беру ісінде зор жауапкершілік арқалаған мәртебелі мамандық иелерін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, облыстық білім басқармасы және кәсіподақ ұйымымен білім бөлімі басшысының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Аталмыш шараның тағы бір ерекшелігі ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұстазыңды құттықта» челленджі аясында Қызылорда облыстық білім басқармасының қызметкерлері тарапынан арнайы өз ұстаздарына деген жүрекжарды ізгі ниетті құттықтау Алғыс хаттары жолданып, табыс етілді.

07 қазан 2025 ж. 358 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930