» » БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ


Елімізде жыл сайын 5 қазан - «Ұстаздар күні» мерекесі кең көлемде аталып өтеді. Бұл – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп келе жатқан мұғалімдердің қоғамдағы мәртебесін арттырар айтулы күн. Осыған орай, бүгін аудан әкімдігінде білім саласының қызметкерлеріне арналған салтанатты қабылдау өтті. Іс-шараны аудан әкімі Жандос Еркінбек жүргізіп, білімді ұрпақ тәрбиелеудегі ұстаздардың қажырлы еңбегіне өз алғысын білдірді:

«Білім - адамға өз өмір жолын таңдауда сенімділік пен еркіндік, жеңістерге жету мен өз қабілеттіліктерін жүзеге асыруына мүмкіндігін береді. Сол себепті, білім саласының дамуы, ұстаздарды қолдау, оқушылар мен түлектерге барынша жағдай жасау – біз үшін қашан да ең басты міндеттердің қатарында болады.
Баршаңызды бүгінгі төл мерекелеріңіз, Ұстаздар күнімен тағы бір мәрте шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің ертеңі мен кемел келешегі үшін жасап жатқан қажырлы қызметтеріңізге табыс, Өздеріңізге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» , – деді аудан басшысы өз құттықтауында.

Салтанатты жиын барысында ауданның білім беру жүйесін дамытуға сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар педагогтерге «Еңбек ардагері» медалі және облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары, сондай-ақ гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды.

Шара барысында ардагер ұстаздар – Дәмелі Жалғасбаева және Ғазиза Құлмұрзаева сөз сөйлеп, ұстаздық жолдағы ізгі лебіздері мен тәжірибелерін ортаға салды.

Ұстазға деген шынайы алғыс – сөзден де биік, құрметтен де терең. Бүгінгі шара – білім саласына қалтқысыз қызмет етіп жүрген жандарға деген құрметтің бір көрінісі.

07 қазан 2025 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 568
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031