» » ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕГЕН АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ

ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕГЕН АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ


Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнап, ел болашағының жолында аянбай еңбек еткен ардагер ұстаздарға деген құрмет — әрдайым биік. Осы орайда, Ұстаздар күні мерекесіне орай аудан әкімі Жандос Еркінбек ардагер ұстаздарды арнайы қабылдап, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектері үшін алғысын білдірді.

-Халқымызда «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деген тағылымды сөздер бар. Сіздер – ұзақ жылдар бойы ұрпақ тәрбиесі мен ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан қадірлі тұлғасыздар. Әрбіріңіз саналы ғұмырларыңызды білім беруге арнап, қаншама шәкірттің санасына білім нұрын төккен еңбектеріңіз - қашан да құрметке лайық.
Айтулы күнмен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр мен отбасыларыңызға амандық тілеймін,-деді аудан басшысы.

Қабылдау барысында ұзақ жылдар бойы білім беру саласында аянбай тер төккен ардагер ұстаздарға аудан әкімінің Алғыс хаттары мен естелік сыйлықтары табысталды.

Шарада аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов жүрекжарды лебіздерін білдіріп, бүгінгі ұрпаққа аманат болған ұстаздар өнегесін дәріптеудің маңыздылығына тоқталды.

Мерекелік шара қорытындысында шырқалған әсем әндер қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, Қармақшы ауданында бүгінде 2082 мұғалім қызмет атқаруда, оның ішінде 550-ге жуық ардагер ұстаздар жас ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып келеді.

03 қазан 2025 ж. 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930