» » АУДАН ӘКІМІ АППАРАТ АРДАГЕРЛЕРІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ АППАРАТ АРДАГЕРЛЕРІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ


1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек аудан әкімдігінің ардагер қызметкерлерін арнайы қабылдап, мерекелік ілтипат көрсетті.

-Қазақ халқында «Қарты бар ел қазыналы ел» деген нақыл сөз бар. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Өздеріңіздің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіздің біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың ауданымыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Бүгінгі мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға амандық, ұрпақтарыңызға бақ-береке тілеймін,- деді аудан басшысы.

Іс-шарада ардагерлерге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан ерен еңбектері үшін мерекелік сый-сияпаттар табысталды. Сондай-ақ, шара барысында қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов сөз алып, ардагерлерге деген құрметтің маңызын атап өтті. Мереке иелері де жылы лебіздерін білдіріп, аудан басшылығы мен ұжымға шынайы алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, Қармақшы ауданында жыл сайын Қарттар күніне орай түрлі игі шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл – ел дамуына еңбек сіңірген аға буын өкілдеріне көрсетілген құрметтің бір көрінісі.

03 қазан 2025 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930