» » Даналықтың сарқылмайтын бұлағы

Даналықтың сарқылмайтын бұлағы

Қазақ қоғамында ақсақалдар – елдік пен өнегелі өмір тәжірибесінің қайнар көзі. Қарттар қашанда елді береке-бірлікке, ырыс-ынтымаққа жұмылдыра білген. Халықтың «Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең», «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» деген сөздерінің мәнісі – ақылдың кені, қазыналы қарттарды құрметтеу, ақсақалдар қауымын ардақтау болып табылады.
Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов аудан ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесті. Онда сөз алған аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы ардагерлерді құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.
– Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыз еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Бүгінде еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ- ғұмыр, отбасыларыңызға береке-бірлік, амандық тілеймін, – деді ол.
Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шегебай Құндақбаев, қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов сөз сөйлеп, мерейлі мерекемен барша ардагерді құттықтап, аудандағы ардагерлер үшін атқарылып жатқан ауқымды іс-шараларға өзіндік алғысын айтты.
Сондай-ақ мерекелік қабылдаудан кейін аудан ардагерлері күллі түркі елінің абызы Қорқыт ата кешеніне және үш жүзге пір болған Марал ишан кесенесіне зиярат етіп, Құран бағыштады. Мерейлі мереке құрметіне ардақты ардагерлеріміз үшін арнайы дастарқан жайылды.
«Қт» ақпарат
04 қазан 2022 ж. 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 171

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930