» » Қазыналы қарттарымызға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарымызға құрмет көрсетілді


«Ауылыңда қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген даналық сөз бар. Қаймағы бұзылмаған қазақы қалпымызда үлкенді сыйлау, құрметтеу,ақыл-кеңесін тыңдау - біздер үшін тәрбие көзі.
Ұрпағына ұлағатты сөз айтып, ақыл-кеңесін аямайтын, батасымен елге құт дарыған қазыналы қарттарымызға құрмет пен қамқорлық көрсету – парызымыз.
Бүгін 1 қазан – Қарттар күні мерекесіне орай «Ақтілек» мейрамханасында аудан ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Мерекелік дастархан басында бас қосқан ардагерлерді арнайы құттықтаған аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне жұмсаған аға ұрпақ өкілдеріне алғыс білдіре отырып, ауданымызда қарттар мен ардагерлерге қолдау көрсету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Мерекелік басқосуда облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шаменов қармақшылық ардагерлерді мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мұнан соң аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, сонымен қатар еселі еңбегімен ел құрметіне бөленген ардагерлер сөз алып, мерекелік ыстық ықыластарын, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Қармақшылық өнерпаздар ардагерлердің құрметіне ән мен жырдан шашу шашып, керемет мерекелік көңіл—күй сыйлады.
Қасиетті Қармақшы жерінің өсіп-өркендеуі мен дамуына үлес қосқан, бүгінде ел құрметіне, ұрпақ алғысына бөленген ардақты ардагерлеріміз бен қазыналы қарттарымыз әрдайым құрмет төрінде, қамқорлық аясында бола бермек.
30 қыркүйек 2022 ж. 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 871

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930