» » Қариясын сыйлаған елде - қасиет бар

Қариясын сыйлаған елде - қасиет бар

Қазіргі кезде мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аудару, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасау , мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.
Бүгін аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов сондай-ақ қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы және бірқатар зиялы қауым өкілдері қарттар күніне орай әлеуметтік көмек көрсету аумақтық орталығында тіркеуде тұрған жалғыз басты қарттар мен ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан абыз аналарымыздың үйіне арнайы барып, мерейлі мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.
Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне жұмсап, ұрпақтарымызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсетіп отырған қазыналы қарттарымызға ізгі ілтипатпен ақжарма тілектер айтылып, сый-сыяпаттар табысталды.
Көрсетілген сый-құрметке ардагерлер шын жүректен ризашылықтарын білдіріп,алғыстарын айтты.
«Бізге құрмет көрсетіп жатқандарыңызға рахмет. Үлкенге ізет,қарияға қамқорлық көрсету қазақтың санасына сіңген терең қасиет. Елге жасаған еңселі қызметтеріңізге сәттілік тілейміз»деп тілектерін білдірді.
29 қыркүйек 2022 ж. 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 275
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 154

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031