» » Қарттарға құрмет арта бермек

Қарттарға құрмет арта бермек

Қоғамның дамуы адам еңбегінің жемісі. Сондықтан еңбек адамы әрқашан да қадірлі. Президентіміз Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында мемлекеттің басты байлығы – адам капиталы екенін әрдайым айтып келеді. Елімізді мекендеген көптеген ұлттардың еңбек етіп, тату-тәтті тіршілік кешуі Мемлекет басшысының парасатты саясатының арқасында іске асып жатқан жұмыстардың жемісі деуге болады. Тек мереке күндері ғана емес, жыл бойы үлкен кісілерді қуанышқа бөлеп, құрмет көрсету әр азаматтың парызы. Сондықтан, өмір бойы осы елде еңбек етіп, мемлекеттің дамуына үлес қосқан әрбір жан, әрбір ұлттың өкілі қоғам назарынан тыс қалмауы керек.
Бүгін ауылдық округ әкімі Нұрлыбек Сайымов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлау Мұхтаров пен әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлбарам Тоғаева саналы ғұмырларын ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуына арнаған Огай Любовь, Төлегенов Өтеп, Әбенова Рысты, Жүнісов Камал, Орынбаева Ділдаш және Мардиев Мурадин ардагерлердің шаңырағына барып сәлем беріп, жағдайларын білді.
Қазыналы қарттармен әңгімелесіп ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеп, тәттілер салынған дорбасын табыстады. Ардагерлер көрсетілген құрметке риза болып, баталарын берді.
19 тамыз 2022 ж. 815 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 837

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930