» Әлемнің жарығын сыйлаған

Әлемнің жарығын сыйлаған

Өткен жұмада, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ж.Омаров 8 наурыз – «Халықаралық әйелдер мерекесі» қарсаңында әр салада қызмет істеп жүрген әйел аналармен кездесіп, мерекесімен құттықтады.
– Қазақта «Алып анадан туады» деген нақыл сөз бар. Бұл халқымыздың ананы құрметтейтінін білдіреді. Ғасырлар бойы қазақ әйелдері келер ұрпаққа бабалар даналығын жеткізіп, адами қасиеттер мен адамгершілік ұғымын бойына сіңірді. Отанға деген махаббатты, үлкенге құрмет, кішіге ізетті үйретті. Аудан көлемінде жеткен жетістіктерімізге нәзік жанды аруларымыздың қосқан үлесі бар. Олар бүгінде барлық салада жемісті еңбек етіп жүр. Ауданның бүкіл тыныс-тіршілігінің басы – қасында жүріп, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына, әлеуметтік-экономикалық дамуында ерекше үлес қосып келесіздер. Сіздердің ел дамуы жолындағы қосқан еңбектеріңізге зор ықыласпен ризашылығымды білдіремін, – деді аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ж. Омаров.
Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы К.Раева сөз сөйлеп, мерекелік ізгі лебіздерін жеткізді.
Мерекелік қабылдауды Жарқын Тұрмаханұлы қорытындылап, сала үздіктеріне алғыс хаттар табыстады.
Сонымен қатар мереке қарсаңында кент тұрғыны, еңбек және тыл ардагері 97 жастағы Райхан Оспанова мен 87 жастағы Үммігүлсім Қамарованың шаңырағында болып, мерейлі мерекемен құттықтап, сый-құрмет жасады.
Өз кезегінде құрметке бөленген аналар аудан басшылығында жүрген азаматтарға ризашылығын білдіріп, аналық батасын берді.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
---
10 наурыз 2021 ж. 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 877

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930