» » Аудан әкімі әйелдер күнімен құттықтады

Аудан әкімі әйелдер күнімен құттықтады

АРДАҚТЫ АНАЛАР!
ҚҰРМЕТТІ АПАЙЛАР!
ҚАДІРЛІ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР!

Баршаңызды шұғылалы көктемнің шуағымен қатар келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымызда «Алып анадан туады» деген нақыл сөз бар. Бұл халқымыздың ардақты аналарымызды зор құрметтейтінін білдіреді.

Ғасырлар бойы қазақ әйелдері келер ұрпаққа бабалар даналығын жеткізіп отырды, жастарымызға адами қасиеттер мен адамгершілік ұғымын бойына сіңірді. Келер ұрпаққа Отанға деген махаббатты, үлкенге құрмет, кішіге ізетті үйретті. Сонымен бірге әйел-аналарымыз отбасының ұйытқысы болып, инабаттылық символына айналды.

Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар қауымы ел ертеңіне нәр беріп келеді.

Отан отбасынан басталады деген ұғымға сәйкес, әйел-аналарымыздың қоғамдағы орны ерекше.

Биылғы жылы ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Осы жылдар ішінде отбасының берекесі болған әйелдер қауымы қоғамда адал қызмет етіп, кемел келешегімізді нығайтуда зор үлес қосып келесіздер.
Қармақшы өңірінің әйелдер қауымы да әр түрлі салаларда ерекше қабілетімен танылуда.

Нәзік жанды аруларымыз барлық салада жемісті еңбек етіп жүр. Өздеріңіз ауданымыздың тыныс-тіршілігінің басы – қасында жүріп, бірлік пен тұрақтылықтың сақталуына өңіріміздің дамуына қосқан үлестеріңіз ерекше.

Бұл күндері Сіздердің өлкеміздің дамуы жолындағы қосқан еңбектеріңізге зор ықыласпен ризашылығымызды білдіреміз.
Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп жүргендеріңіз үшін әйел-аналарымызға, қыз-келіншектер қауымына алғысымыз шексіз.

Бүгінгі мерейлі мерекеде Өздеріңізге мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке - бірлік тілеймін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков

08 наурыз 2021 ж. 942 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 611
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930