Аудан әкімі ардагерлерді құттықтады
![](/uploads/posts/2021-01/1609824048_audan-akimi-karttardy-kuttyktady-1.jpg)
Еңбек ардагерлері Шакизада Ашабаев пен Назымкүл Бүркітбаеваның құтты мекеніне бас сұқққан аудан әкімі ізгі лебізін білдірді. Ол өз сөзінде еліміздің бүгінгі бейбіт заманда жеткен жетістіктері еңбек ардагерлерінің өлшеусіз ерен еңбегінің арқасында келгенін жеткізіп, олардың өмір жолдары жас ұрпаққа үлгі екендігіне тоқталды. Одан соң ел болашағы үшін тынымсыз тірлік еткен даналарға зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеп, құттықтау хат пен сый-сияпаттар табыстады.
![](/uploads/posts/2021-01/1609824027_audan-akimi-karttardy-kuttyktady-2.jpg)
Мереке қарсаңында арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылығын жеткізген еңбек ардагерлері ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріне абырой тілеп, ақ батасын берді.
Расында, елдің, қоғамның бел ортасында жүріп, әртүрлі салада қызмет етіп, аудан дамуына үлес қосқан ардақты ардагерлердің еңбегі шексіз. Олардың өнегелі өмір жолы қашанда көпке үлгі.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)
Қазбек ЖАУЛЫБАЙҰЛЫ (сурет)