Аудан әкімі Жеңіс күнімен құттықтады
ҚЫМБАТТЫ МАЙДАНГЕРЛЕР МЕН ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ!
Баршаңызды 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Жеңіс күні-батылдық пен қаһармандықтың, халқымыздың бірлігінің беріктігі мен қайсар рухының мерекесі.
«Ер басына күн туып, етігімен қан кешкен, ат басына күн туып, ауыздығымен су ішкен» сұрапыл жылдардағы батыр майдангерлеріміздің өлшеусіз ерліктері мәңгі ұмытылмайды.
Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн сыйлаған майдангерлерімізді әрдайым ардақтап, болашақ ұрпақ алдында мәңгі мақтан етеміз.
Соңғы деректер бойынша біздің туған жерімізден 5000-ға жуық жауынгер соғысқа аттанды. Ал сұм соғыстан аман–есен елге оралған майдангерлер, бейбіт өмірге араласып, ауданымыздың дамуы үшін өз үлестерін қосты.
Біз ерліктері тарих бетіне алтын әріппен жазылған ардақты ардагерлеріміздің өнегелі өмір жолын үлгі етеміз. Бұл жеңіс халқымыздың қажымас қайратының, батыр бабаларымыздың ерлігі мен еңбегінің арқасында келді.
Құрметті аудан тұрғындары!
Қармақшы жерінен майдан шебіне аттанып, ел қорғаған батыр бабаларымыздың, ардақты майдангерлеріміздің өшпес ерлігі біздің мәңгі есімізде сақталады.
Тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы, еліміздің өркендеуі осынау мерекенің жемісі.
Бүкіл халық жадындағы қастерлі мереке - Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Ауданымыздың барша тыл ардагерлері мен майдангер батырларымыздың ұрпақтарына мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков