Үлкенді сыйлаудың үлгісі

Осы ретте ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі Нұрлыбек Сайымов және ардагерлер кеңесінің төрағасы Сайлау Мұхтаров пен әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлбарам Тоғаевалар үлкенді сыйлаудың үлгісін көрсетті. Олар саналы ғұмырларын ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуына арнаған Любовь Огай, Өтеп Төлегенов, Рысты Әбенова, Камал Жүнісов, Ділдаш Орынбаева және Мурадин Мардиев сынды ардагерлердің шаңырағына барып сәлем беріп, жағдайларын білді.
Ауыл әкімі қазыналы қарттармен әңгімелесіп ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеп, тәттілер табыстады. Ардагерлер де көрсетілген құрметке риза болып, баталарын берді.
«Қт» ақпарат