» » Үлкенді құрметтей білу — көрегендіктің белгісі

Үлкенді құрметтей білу — көрегендіктің белгісі

ХАЛҚЫМЫЗДА «АУЫЛЫҢДА ҚАРТЫҢ БОЛСА, ЖАЗЫП ҚОЙҒАН ХАТПЕН ТЕҢ» ДЕГЕН ДАНАЛЫҚ СӨЗ БАР. ҚАЙМАҒЫ БҰЗЫЛМАҒАН ҚАЗАҚЫ ҚАЛПЫМЫЗДА ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУ, ҚҰРМЕТТЕУ, АҚЫЛ-КЕҢЕСІН ТЫҢДАУ – БІЗДЕР ҮШІН ТӘРБИЕ КӨЗІ. ҰРПАҒЫНА ҰЛАҒАТТЫ СӨЗ АЙТЫП, АҚЫЛ-КЕҢЕСІН АЯМАЙТЫН, БАТАСЫМЕН ЕЛГЕ ҚҰТ ДАРЫТҚАН ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ ПЕН ҚАМҚОРЛЫҚ КӨРСЕТУ – ПАРЫЗЫМЫЗ.
Қазіргі кезде мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аудару, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасау, мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.
Осы ретте аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов сондай-ақ қоғамдық кеңес төрағасы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы және бірқатар зиялы қауым өкілдері Қарттар күніне орай әлеуметтік көмек көрсету аумақтық орталығында тіркеуде тұрған жалғызбасты қарттар мен ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан ардақты аналарымыздың үйіне арнайы барып, мерейлі мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.
Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне жұмсап, ұрпақтарымызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсетіп отырған қазыналы қарттарымызға ізгі ілтипатпен ақжарма тілектер айтылып, сый-сияпаттар табысталды.
Көрсетілген сый-құрметке ардагерлер шын жүректен ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. «Бізге құрмет көрсетіп жатқандарыңызға рақмет. Үлкенге ізет, қарияға қамқорлық көрсету қазақтың санасына сіңген терең қасиет. Елге жасаған еңселі қызметтеріңізге сәттілік тілейміз» деп тілектерін білдірді олар.
Сондай-ақ қарттар мерекесіне орай «Ақтілек» мейрамханасында аудан ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Мерекелік дастарқан басында бас қосқан ардагерлерді арнайы құттықтаған аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов аға ұрпақ өкілдеріне алғыс білдіре отырып, ауданымызда қарттар мен ардагерлерге қолдау көрсету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
Мерекелік басқосуда облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Шаменов қармақшылық ардагерлерді мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мұнан соң аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, сонымен қатар еселі еңбегімен ел құрметіне бөленген ардагерлер сөз алып, мерекелік ыстық ықыласпен ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.
Аудан өнерпаздары ардагерлердің құрметіне ән мен жырдан шашу шашып, керемет мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Туған жерінің өсіп-өркендеуі мен дамуына үлес қосқан, бүгінде ел құрметіне, ұрпақ алғысына бөленген ардагерлеріміз бен қазыналы қарттарымыз әрдайым құрмет төрінде, қамқорлық аясында бола бермек.
«Қт» ақпарат
01 қазан 2022 ж. 795 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 171

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930