Құрылтай
» » Ауыл әкімі қарттарды мерекемен құттықтады

Ауыл әкімі қарттарды мерекемен құттықтады

Қариясы бар елдің қазынасы бар. Қарттарымыз еліміздің көзі тірі шежіресі десек артық айтқандық емес. Елдің дамуына саналы ғұмырларын арнап, тер төккен ардагерлер барынша құрметтелуі тиіс. Себебі бүгінгі ұрпақ қариялардың алдында қарыздар. Осы қасиетті парызды ұмытпай қарияларға құрмет көрсету үшін «Қарттар күні» мерекесі аталып, түрлі іс-шаралар ұйымдастыру жыл сайын үзілмейтін игі дәстүрге айналған.
Бүгін ауыл әкімі Нұрлыбек Сайымов, ардагерлер кеңесінің төрағасы және әйелдер кеңесінің төрайымымен бірге
1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай өңірдің өсіп өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан бірқатар ардагерлердің шаңырағына барып, аудан әкімінің құттықтауын табыстап құрмет көрсетті.
Қазыналы қарттар арнайы құттықтау жіберген аудан басшысына ризашылығын білдіріп, елдің амандығын тілеп, ақ баталарын берді.
01 қазан 2022 ж. 1 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31