» » ҚҰРМЕТПЕН ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

ҚҰРМЕТПЕН ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы аудандық статистика бөлімінің басшысы Таңбаев Кенжебек Ерманұлын арнайы қабылдап, зейнет жасына шығарып салды.

«Кенжебек Ерманұлы – өз ортасында сыйлы, елдің ықыласына бөленген абыройлы азамат. Еңбек жолын құрылыс саласында құрылыс шебері, автомеханик болып бастап, әртүрлі жауапты қызметтерді 41 жыл бойы абыроймен атқарып келеді. Оның ішінде, мемлекеттік қызмет саласында және Қармақшы ауылдық округінің әкімі болып еңбек етсе, кейінгі 15 жылында аудандық статистика бөлімін басқарып, табысты қызмет атқарды.
Кенжебек Ерманұлы – жауапкершілігі мол статистика саласына саналы ғұмырын арнап, кәсіби біліктілік пен адал еңбектің жарқын үлгісін көрсетті», – деді аудан басшысы.

Жиын барысында Жандос Еркінбек ұзақ жылдар бойы ауданға сіңірген еңбегі үшін Кенжебек Ерманұлын ауданның ең жоғары марапаты – «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Сондай-ақ аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және кеңес мүшесі Қаршыға Есдәулетов сөз алып, ардагер маманның абыройлы еңбек жолын атап өтіп, жылы лебіздерін білдірді.

Өз кезегінде Кенжебек Ерманұлы көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, алғыс сөзін айтты.

13 тамыз 2025 ж. 393 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 036
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031