» » Зейнет демалысына шығарып салды

Зейнет демалысына шығарып салды

Ер азамат үшін туған елі мен жеріне қызмет ету – үлкен бақыт. Өмір деген бір мәрте ғана берілетін мүмкіндікті сол туған елінің дамуы мен жерінің гүлденуіне арнау кез келгеннің басына бұйыра бермейтін бақ. Десе де осындай мүмкіндік бұйыра қалса, оны тиімді пайдаланып, халыққа адал қызмет етіп, еңбегін сауған азаматтар арамызда жүр. Сондай жан саналы өмірін ауылдың әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуіне, әл-ауқатының артуына үлес қосып келе жатқан Әлімбай Білжанов дер едік.
Жақында аудан әкімі Жандос Еркінбек төрағалық еткен актив отырысында білікті басшы, атпал азамат Әлімбай Махмұтұлына алғысын айтып, зейнеткерлік демалысқа шығарып салды. Оның өмір және еңбек жолына тоқталып, алғысын білдірді.
– Ә.Білжанов еңбек жолын 1983 жылы «Госкомсельхозтехника» бірлестігінде жұмысшылықтан бастаған. Әр жылдары ауыл шаруашылығы, көлік тасымалы салаларында қызметтер атқарды. Мемлекеттік қызметте де сатылап өсіп, елдің ішіндегі өзекті мәселелердің түйінін тарқатуға, шешімін табуға септігін тигізді. Ол өзінің соңғы 17 жылға жуық уақытын мемлекеттік қызметке арнап, кейінгі буынға да үлгі бола білді. Бірнеше ауылды басқарып, көптің құрметіне бөленді. Атап айтар болсақ, ауданға қарасты Иіркөл, Қармақшы, Төребай би ауылдарының әкімі лауазымын абыроймен атқарып, ұйымдастырушылық, жауапкершілік қарым-қабілетімен кәсіби кадр екенін көрсетті. Қай қызметте де ауыл тұрғындарының тұрмыс-деңгейінің артуы мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде нәтижелі жұмыстар жүргізді, – деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.

Сонымен қатар аудан әкімі Ә.Білжановті басшылық саладағы ұзақ та жемісті еңбегі үшін ауданның жоғары марапаты саналатын Құрмет грамотасымен марапаттап, иығына шапан жапты.
"ҚТ" ақпарат
03 наурыз 2024 ж. 124 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031