» » Құрметпен зейнетке шығарып салды

Құрметпен зейнетке шығарып салды

Қармақшы ауданы әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен актив отырысында Әлімбай Білжановты зейнет жасына шығарып салды.

«Әлімбай Махмұтұлы еңбек жолын 1983 жылы «Госкомсельхозтехника» бірлестігінде жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары ауыл шаруашылығы, көлік тасымалы салаларында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Мемлекеттік қызметте де сатылап өскен білікті кадр. Әлімбай Махмұтұлы соңғы 17 жылға жуық уақытын мемлекеттік қызметке арнаған. 2007 жылдан бері Иіркөл, Қармақшы және Жосалы ауылдарының әкімі қызметтерінде болып, ұйымдастырушылық және жауапкершілік қасиеттерін көрсетті. Ауыл халқының тұрмыс деңгейін арттыру, ауылды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын нәтижелі жүргізді», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Аудан басшысы осы салада атқарған еңбегі үшін Әлімбай Махмұтұлын ауданның ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Сондай-ақ, сайлау қорытындысы негізінде сайланған Иіркөл ауылдық округінің әкімі Жағыппар Төлегенов, Қармақшы ауылдық округінің әкімі Аязбек Есқараев, Жосалы ауылдық округінің әкімі Владимир Жалғасбай таныстырылды.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

28 ақпан 2024 ж. 487 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 419
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 224

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930