» » «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»

«Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып»

qarmaqshy-tany.kz №26 мектеп базасында аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында ардагерлермен кездесу шарасы өткізілді. Шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мажитқызы, қонақтарымыз аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Құлдүйсенов Абдрахман ағай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мереков Асқар ағай, кент ардагерлер төрағасы Ұзақбаев Ерболат ағай, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Раева Гүлжаухар апай және білім саласы бойынша ардагер төрайымы Талмаш апай, Дамелі апай, Жұлдызай апай аудандық Қармақшы таңы газетінің редакторы Нұрбай ағай, және ардагер ұстаздарымыз, кент орталығындағы бастауыш ұйым ардагерлерінің төрағалары қатысты.
Іс-шара мектеп оқушыларының ән-шашуымен басталып, ардагер ағайларымыздың, ұстаздарымыздың ашық микрофон аясында ізгі тілек, ұсыныс-пікірлерімен өрбіді. Шара соңында аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мажитқызы «Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Бүгінде, еңбегіңіздің зейнетін көретін шақта да ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Сіздердің терең білімдеріңіз, өмірлік ұстанымдарыңыз, ғибратты ғұмырларыңыз кейінгі ұрпаққа тағылымды тәрбие. Тәуелсіздік жылдары ауданымыздың өркендеуіне және білім беру саласын басқарып, білім беру саласының дамуына ерекше үлес қосқан, ағарту ісіне қалтқысыз қызмет еткен ардақты ұстаздарымыздың еткен еңбектері өлшеусіз.» деп өз сөзін қорытындылады.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, ұрпағына ұлылығын ұялатқан ардагерлеріміздің орны ерекше. Құрметті ардагерлер Сіздерге зор денсаулық, отбасыңыларыңызға амандық тілейміз. Келе жатқан жаңа жылымыз құтты, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!
23 желтоқсан 2022 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (10377)

04 ақпан 2025 ж.

№8 (10376)

01 ақпан 2025 ж.

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 361
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728