» » Ел ағасы – 75-те

Ел ағасы – 75-те

Жақында Т.Көмекбаев атындағы No250 мектеп-лицейінде «Үлкендер жолы – ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» атты «Сырдың сарбаз азаматы» атанған ардагер ұстаз – Сәбит Отызбаевтың 75 жасқа толу мерейтой кеші өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық білім бөлімінің бас маманы Нәзен Бахадүрова, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Жақсыбай Жәкеев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, зиялы қауым өкілдері және мектеп басшылары қатысты.
Жиында саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге, одан бөлек ел басқаруға арнаған сара жол иесі, қызметтік сатысында аудан әкімінің орынбасары, бірқатар аудандық бөлімнің басшысы болған Сәбит Отызбаевқа құрмет көрсетілді. Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы тұғыры биік тұлғаның өмір жолына және білім саласы мен аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы болып, тәжірибелі маман ретінде абыройлы еңбек еткеніне тоқталып өтті. Сонымен қатар басқосуда аудан әкімінің құрмет грамотасын табыстап, сый-сияпат жасады.
Мұнан соң облыстық білім басқармасы аймақтық дене тәрбиесі методикалық орталықтың және «Западный поток» халықаралық оқузияткерлік жобасының атқарушы директоры Бауыржан Әбенғалиев мерейтой иесі Сәбит Отызбаев пен ардагер ағамыз Жақсыбай Жәкеевке «Западный поток» халықаралық оқу-зияткерлік жобасының «Құрмет» төсбелгісін тақты. Іс-шараға келген қонақтар білімді ұрпақ тәрбиелеуде елеулі үлес қосқан ардагер жайлы естеліктер айтып, 75 жасымен құттықтады.
Жиын соңында екі ғасырды бастан өткеріп, екі қоғамда қызмет атқарып, елдің мызғымас іргетасының қалануына еңбек сіңірген ұлағат иесі Сәбит Отызбаев өзіне құрмет көрсеткен барша жанға алғысын айтып, ыстық лебізін жеткізді.
Ерсін ӘЛІБАЙ
11 шілде 2022 ж. 728 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 344
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930